НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
237
20%-ы табыстың тең жартысына ие. Екінші жағынан, үш топты салыс-
тырсақ, латын және афроамерикалық отбасыларға қарағанда, ақ нәсілді
америкалықтардың орташа табысы 1,5 есе көп екенін байқаймыз.
Егер табысқа емес, байлық мөлшеріне қарасақ, ондағы айырмашы-
лық тіптен алшақ. 8.1-кестеде көрсетілгендей, ақ нәсілді америкалық
отбасылардың орташа меншік капиталы $113,149 құраған. Бүл көрсет-
кіш латынамерикалық отбасылардың табысынан 18 есе, ал афроаме-
рикалық отбасыларынан 20 есе жоғары. Этностық топтар арасындағы
табыс теңсіздігі әрқашан жоғары болған, бұл көрсеткіш 2008 жылы
басталған экономикалық құлдырау кезінде одан сайын артты. АҚШ-та
нәсілдік және этностық теңсіздіктің жалғасу себебі - табыстағы нәсіла-
ралық айырмашылығында емес, байлықтагы нәсілдік және этностық
айырмашылықта.
А Қ Ш - т а ғ ы н ә с і л д і к ж ә н е
э т н о с т ы ң т е ң с і з д і к
Нәсілдік және этностық теңсіздіктің болуы жаңалық емес. Бұл та-
рауда АҚШ-тағы іріктелген нәсілдік, ұлттық және этностық топтар-
дың ертедегі, қазіргі және болашақгағы әлеуметтік жағдайын тал-
қылаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: