Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Жалпыға ортақ Ислам: Мысыр және Иран



Pdf көрінісі
бет401/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   482
Жалпыға ортақ Ислам: Мысыр және Иран
Ислам діні - Иранда және Мысырда баршаға ортақ, бірақ біріншісінде 
мемлекеттік дін болса, екіншісінде - мемлекеттен тыс.
Иранда дін мен мемлекет тығыз байланысты. Ислам діні мемле- 
кеттік дін болғандықтан, Ислам заңы (шариғат) сотта қолданылады. 
Бұл заңға сәйкес адамдар зинақорлыққа, қару ұрлығына, гомосексуа- 
лизмге бой ұрғаны және Ислам дінінен бас тартқаны және т.с.с. үшін 
өлім жазасына кесіледі. Иран халқы зайырлы қоғам құруға ниетті 
болғанымен, діни басқарманың саяси билігі басым. Сондықтан да 
қоғам мен дін арасында аздаған шиеленіс бар.
Мысырдағы дін мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас Хосни 
Мүбарактан кейін әлі де айқындалмай отыр. Қазір онда Ислам ірі діни 
қауымдастық ретінде әрекет етеді. Мысыр үкіметі ішінара зайырлы.

Мысырда исламдықұстамды 
I жәнефундаменталдытоптар 
кейде бейбіт, кейде қайшылықты 
өмір сүреді. Нәтижесінде, Мысырлық 
мусылмандардың ирандықтарға 
қарағанда, мұсылмандықережелерді 
устануда еркіндігі көбірек, мысалы, олар 
өзіне ыңғайлы киім кие алады.


БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
359
Халқының 80-90 пайызы - мұсылмандар. Ұзақ жылдар бойы мемлекет 
пен секталық Ислам фундаменталистері арасында шиеленіскен жағдай 
қалыптасқан. Мүбарак орнатқан тәртіпке жауап ретінде радикалды ис- 
ламдық фундаменталистер үкіметке қарсы шабуылдар үйымдастырып 
отырды. Ал үкімет оларды бақылауда үстау үшін репрессия мен лаң- 
кестікті қолданды. Алайда Исламның үстамды көзқарастағы мешіттері 
мен имамдар ашық жүмыс істеді және кедейлерге көмек көрсету үшін, 
үкіметпен бірлесіп әрекет етті. Сонымен қатар Мысырда Копт христиан- 
дарымен бірге барлық діндерге еркіндік берілді. Ислам - Мысыр мәде- 
ниеті мен қоғамында басым дін болып қалды. Осылайша, Ислам дінінің 
кейбір тармақтары мен үкіметтің, үстамды және ультраконсервативті 
исламдық топтардың арасындағы шиеленістерге қарамастан, дін мүнда 
қазір секталық емес, жалпыға ортақ сипат алып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет