Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет408/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   482
АҚШ-тағы азаматтық дін
Осы тараудан белгілі болганындай, америкалықтар көп дінді ұста- 
нады. Бір жағынан, америкалықтар азаматтық дінді де жақтайды 
(Веііаһ, 1974: 29; Bellah et аі, 1985). А зам атты қ дін дегенім із - АҚШ 
азаматтары үшін қасиетті саналатын белгілер, сенімдер мен ин- 
ституционалдық рәсімдер жиынтығы. Олар Өсиетті оқуды және 
мемлекеттік гимнді айтуды, сонымен бірге туды аяқасты етпес
үшін бүктеп қоюды дұрыс деп санайды. АҚШ-тағы көп үйлерде мем- 
лекеттік ту немесе президенттің суреті крестпен не «Құпия кеш» 
суретімен қатар ілінеді.
Азаматтық дін негізгі дін сияқты қызмет атқарады: ол бірлік 
пен бейбітшіліктің негізі бола отырып, тарих пен мемлекеттің 
міндетін түсіндіруге қызмет етеді (Wald 1987). Мысалы, америка- 
лы қ колониялар Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялаған соң 
Джордж Вашингтон АҚШ әскерінің қолбасшысы болып тағайын- 
далды. Әскер басқару тәжірибесі мен харизмасы аз болғандықтан, 
Вашингтон бұл жұмысты қаламап еді. Бірақ бірнеше аптадан соң ол 
жүрттың бәрі тәу ететін тұлғаға айналды. Неге Вашингтонға культ 
ретінде қарады? Өйткені Вашингтон жас халықтың бірлігінің бел- 
гісі болды және оның билікке құмартпауы оны қаһарман етті. Ва- 
шингтонға табына отырып, отар халықтар өз халқына рақым ету- 
шілерге табынды, олардың ойынша Вашингтон сондай адам еді 
(Schwartz, 1983).
Сол кезден бері Америка халқы еркіндік, әділет және қасиетті 
бостандық қағидаларын таңдады. Америкалық тәсіл - қандай да 
болсын бір затты адамгершілік тұрғысынан жасайтын бірден-бір 
тәсіл. АҚШ валютасында, АҚШ азаматтарының адалдық туралы 
антында және ұлттық әнұранда АҚШ-тың Құдайдың қолдауымен 
әрекег ететіні айтылады.
Бұл бізге не береді?
Құрылымдық-функциялық теория да, конфликт теориясы да дү- 
рыс. Бір жағынан алып қарағанда, мектеп пен ғибадатхана дәстүр- 
ді сақтаушылар болып отыр. Екі ұйым да қоғамнан өз орындарын 
табуы үшін және дәстүрлі мәдени құндылықтарды түсіндіру үшін 
жастарды біріктіреді. Кейде мектеп пен ғибадатхана адамдарға 
жеке өзіне сенуді үйретеді. Бірақ көп жағдайда бүл екеуі де билік 
пен әлеуметгік механизмдерді, сонымен бірге әлеуметтік теңсіз- 
дікті мойындауды үйретеді.
Жалпы мектеп пен ғибадатхана әлеуметтік өзгерістің алдыңғы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет