Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет412/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   482
САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
369
Бедел 
жалпыға ортақ ережелер мен құндылықтар тарапынан қол- 
дауға ие болғандықтан, әдетте дау-жанжалға жол бермейді. Өйткені ол 
мәжбүрлеу амалдарын қашан да болсын - қажет деп санаған уақытында 
қолдана алады. Ата-аналар жасөспірім балаларын үйден қуып жіберу- 
мен немесе автокөліктің кілтін алып қоюмен қорқытып, билігін жүргізуі 
мүмкін. Жұмыс берушілер қызметкерлерін жұмыстан шығара алады не­
месе лауазымын төмендетеді. Осылайша, бедел әлеуметтік мәжбүрлеудің 
тиімділігіне сүйенеді.
Билік жөніндегі классикалық зерттеулер бойынша, Вебер беделді 
жеке адамдар мен топтар заңды билік ретінде мойындайтын үш негіз- 
ге бөліп көрсетеді: дәстүрлі, харизмалық және қүқықтық нормалар.
Дәстүрлі бедел
Билік қасиеттілік тұрғысынан сенім мен тәжірибеге сүйенсе 
д ә с т ү р -
л і б ед е л
деп аталады (Weber [19101 1970b, 296). Монархтар мен патри- 
архтар дәстүрлі биліктің классикалық үлгісі болып саналады. Мыса- 
лы, 1950 жылдары америкалықтардың басым көпшілігі отбасылық 
шешімдерді ер адам қабылдайды деп есептеген. Бір сөзбен айтқанда, 
күйеулердің беделі жоғары болған. Ал қазіргі кезде әлсіреп қалды.
Харизмалық бедел
Егер адам жеке-дара қасиеттері арқылы шешім қабылдау құқығына ие 
болса, онда ол адамда харизмалық билік бар (Weber [1910] 1970b, 295). Көп 
жағдайда құрмет түтатындар «бұл Құдайдың қалауымен болған» деп ой- 
лағанда гана адам харизмалық беделге ие болады. Бірақ, 
х а р и з м а л ы қ
бедел 
дінмен байланысты болмауы керек. Мысалы, Махатма Ганди таң- 
даулы саясаткер немесе діни көшбасшы болған жоқ, бірақ ол Үндістанда- 
ғы саяси революцияны басқарды. 2011 жылы АҚШ қарулы күштері өлтір- 
генге дейін Усама бен Ладеннің жақтастары оның харизмалық беделіне 
мойынсұнды.
Рационалдық-қүқықтық бедел
Егер адамдар рационалды түрде берілген ережелерге негізделген 
билікті ұстанса, оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет