Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет83/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

70
2-ТА РАУ
Әлеуметтік биология - адамның 
және басқа барлық тіршілік иелері 
мінез-құлқының биологиялық 
негіздерін зерттейтін ғылымның 
тармағы
Тіл - сөйлеу, жазу немесе ишара 
сияқты символдардың көмегімен 
байланысу қабілеті.
Биологиялық көзқарас
Discovery арнасы үнемі көрсетіп жүргендей, жаьандағы киім кию және 
тамақтану дағдылары, түрмыс жағдайлары және мәдениеттің басқа 
қырлары әралуан болып келеді. Адам табиғатының соншалық алуан 
турлі болып келетіні таңғалдырмай қоймайды. Сөйтсе де, тереңірек 
үңіле қарасақ, отбасы, дін және соғыс сияқты әмбебап ұгымдар барлық 
мәдениетке ортақ болып шығады. Бұл әмбебап ұғымдар биологияның 
адам мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Әлеуметтік биология 
- адамның және басқа барлық тіршілік ие- 
лерінің мінез-қүлқының биологиялық негіздерін зерттейтін ғылым- 
ның тармағы (Alcock, 2001; Wilson, 1978). Әлеуметтік биологтар барлық 
тіршілік формалары эволюция және табиғи іріктеу арқылы дамыған 
деп санайды. Осы тұрғыдан алғанда, кейбір гендер жиі репродукция- 
ланғандықтан түрлер өзгереді. Гендердің саны артқандықтан, түрлер 
осы гендердің белгілеріне ие болады.
Қандай гендер жиі көбейеді? Бойында белгілі бір ген түрі бар 
адам көпбалалы болып, оларды ересек жасқа дейін өсірсе, сол ген­
дер көбейеді (Alcock, 2001). Мәселен, әлеуметтік биологтар өз балала- 
ры үшін құрбандыққа баратын, кейде тіпті бастарын бәйгеге тігетін 
ата-аналар көбіне табысты репродукторлар бола алады деп санайды. 
Балаларының амандығын қамтамасыз ету арқылы ата-аналар өз 
гендерінің жалғасу ықтималдығын арттырады. Әлеуметтік биолог- 
тардың айтуынша, соның арқасында біздің бойымызда генді бізден 
кейін де жалғастыра беруге мүмкіндік беретін мәдени үлгілерге қа- 
тысты биологиялық бейімділік қалыптасқан.
Әлеуметтік биология адамзаттың ондаған мың жылдар бойы да- 
муы туралы қызықты теория ұсынады. Биологияның адамның мінез- 
құлқына әсерін зерттейтін ғалымдардың көбі «Гормондар, гендер және 
хромосомалар адамның құмар ойыншы болып шығуына қалай эсер 
етеді?» деген сияқты қазіргі заманның өзекті проблемаларын зерттей- 
ді. Биологтар мен әлеуметтанушылардың бірлескен жұмысы адамның 
мінез-қүлқын анықтауға биологиялықжәне әлеуметтік факторлардың 
әсерін түсінуге көмектеседі. Мысалы, Гуан Го және оның әріптестері 
(2009) кіндігі бір және бөлек егіздерді зерттей келе, асқынған маскүнем- 
дікке генетикалық бейімі бар әрі достары маскүнем адамдардың іш- 
кілікке салыну ықтималдыгы жогары екенін анықтады. Осы сияқты 
зерттеулер мәдениет пен биологияның бірлескен әсерін мойындап, оны 
ескергенде ғана адамның мінез-құлқын толығымен түсінуге болады де- 
генге көз жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет