Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет115/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

ӘЛЕУМЕТТЕНУ
99
багынады дегенді білдірмейді. Әрбір адам өзінше дараланғанмен оған 
ықпал ететін маңызды тұлғалар болады, олар әртүрлі мәдениет пен 
субмәдениеттерде өседі, әркімнің білім алу және ақша сияқты әлеу- 
меттік ресурстарға қол жеткізу деңгейі әртүрлі болады. Сондықтан 
адамдар қоғамның ережелеріне бағынуға бейімделеді немесе басқа 
жолды таңдай алады.
Әлеуметтену агенттері
Әлеуметтену - білім алудың үздіксіз процесі. Өмірден алған әрбір 
жаңа сабақтан соң кім екенімізді және қоғамдағы орнымызды қайта 
қарастыруға тиіспіз. Бұл проблема маңызды өзгерістер болған кезде, 
мысалы, үйден алғаш кеткенде, әскер қатарына алынғанда, жүмыс- 
ты өзгерткенде немесе ажырасқанда айқын көрінеді. Осы өзгерістер 
бізден дағдыларымызды арттыруды, көзқарасымызды түзетуді және 
жаңа талаптарға бейімделуді қажет етеді.
Әлеуметтену түрлі жағдайларда орын алады. Біз ата-анамыздың, мұға- 
лімдеріміздің, бастықтарымыздың, дінбасыларының, достарымыз бен 
ұжымымыздың біз туралы пікірлерін, сондай-ақ теледидар, фильм- 
дер мен комикстер арқылы қоғамдық пікірді білеміз. Әлеуметтену- 
дің жеке адамдар, топтар мен бұқаралық ақпарат құралдары сияқты 
агенттері жеке түлғаға, «Мен» тұжырымдамасына, құндылықтар мен 
мінез-қүлыққа барынша эсер етеді және әлеуметтік нормаларды үй- 
ренуге көмектеседі (
Б у қ а р а л ы қ а қ п а р а т қ у р а л д а р ы ж ән е м ә д е н и е т .
Қ ы здарды ң ш аш ы
-
қ ы з д а р д ы ң д а р а л ы г ы
атты бөлімді қараңыз). Әлеу- 
меттенудің агенттері кейінгі тарауларда толығырақ талқыланады. 
Бұл тарауда әлеуметтенудің агенттері әлеуметтік қүрылымдарды 
оқытудың маңыздылығын айқындау үшін ұсынылды.
Отбасы
Әлеуметтенудің ең маңызды агенті - отбасы. Қараусыз қалған бала- 
лардың қайғылы оқиғалары мен маймылдарға жасалған тәжірибелер 
соның дәлелі. Баланың отбасында мейірімге бөленуі мен тәрбие көруі 
оның ой-сана (когнитивті), эмоциялық және физикалық тұрғыдан қа- 
лыпты дамуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар адамның алғашқы 
ұстазы - отбасы мүшелері, яғни ата-анасы, кей жағдайда ата-әжесі, өгей 
ата-анасы немесе басқа адамдар. Олардан бала аяқкиімнің бауын бай- 
лауды, қалам ұстауды ғана үйренбейді, сонымен бірге өмір сүру үшін 
аса қажет жайттарды - мақсат қоя білуді, сенім білдіруді т.б. үйренеді.
Жаңа туған нәрестенің физикалық қажеттіліктерін қанағаттан- 
дыратын іс-шаралар әлеуметтік өзара әрекеттесудің негізін қалай- 
ды. Мәселен, баланы тамақтандыру мен оның жаялығын ауыстыру 
кезінде анасы оны қүшақтайды, күлімсірейді, сөйлеседі. Бұл тәрбие- 
леу шаралары аса маңызды, себебі бұлар болмаған жағдайда баланың 
әлеуметтік, эмоциялық және физикалық өсуі тежеледі (Handel, Cahill 
& Elkin, 2007; Blum, 2002; Rutter et al., 1999).
Бала қоғамның толық мүшесі болмай тұрып өзінің қалыпты дам- 
уына қосымша көп нәрсе үйренуі тиіс. Ерте жастан білім алудың көп 
бөлігі күнделікті өзара әрекетке түсу нәтижесінде жүзеге асады: бала 
сөйлесуді, қарым-қатынас жасауды, үйде ойнауды және басқалар- 
мен танысуды үйренеді (Handel, Cahill, Elkin, 2007). Бала өскен кезде 
оқыту тікелей жүреді де ата-анасы негізгі дағдыларды үйретуге және 
баланы отбасынан тыс өмірге дайындауға тырысады. Алайда әр отба-
Әлеуметтену агенттері - 
әлеуметтік нормаларды үйрететін 
тұлғалар, топтар және БАҚ.


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет