Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет123/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Өмір жолындағы әлеуметтену
Әлеуметтену агенттері туралы бөлімде айтылғандай, әлеуметтену 
өмір бойы жалғасады: бала кезден басталып, ересек кезімізді толық 
қамтып, тіпті кәрілікке дейін созылады.
Балалық шақ
Балалардың ерте жастан әлеуметтенуі алғашқы әлеуметтену деп 
аталады. Алғашқы деп аталуы екі нәрсеге байланысты: адамның 
түлға ретінде қалыптасуы осыдан басталады және кейінгі дамуы 
үшін бұл өте маңызды. Осы кезеңде балалар жеке қасиеттері мен 
өзін-өзі бағалауын дамытады: моторикасын, ақыл-ой қабілетін 
және тілдік дағдыларын қалыптастырады; өз қоғамында қолайлы 
деп санайтын құндылықтар мен мінез-құлықтарды үйренеді.
Ү г ы м д а р қ о р ы т ы н д ы с ы : Ә л е у м е т т е н у т у р л е р і
әлеуметтендіру- 
дің алғашқы және басқа түрлерін сипаттайды.
Алғашқы әлеуметтену 
кезеңінде балалар қоғамның нормала- 
ры мен қүндылықтарын үйреніп, қолданады. Көпшілігі қоғамдық 
ережелерге бағыну, алдымен өз отбасыңның, содан соң басқалар- 
дың қолдауы мен сүйіспеншілігіне ие болудың басты кілті екенін 
үйренеді.
Жас балалар өз отбасының сүйіспеншілігі мен қолдауына 
тәуелді болғаны соншалық, олардың көкейінде үнемі «отбасым- 
ның сенімін ақтауым керек» деген ой түрады. Бұл - қоғам мүшеле- 
ріне сәйкестенудің маңызды қадамы. Егер бұл дағды балалық шақ- 
та қалыптаспаса оны кейін қалыптастыру мүмкін емес.
А л ғ а ш қ ы э л е у м е т т е н у - б а л а л ы қ
ш а қ т а ж е к е т ұ л ғ а н ы д а м ы т у м е н
о н ы ң р ө л і н ү й р е т у .


106
3-ТА РА У
Ж а и а н д ъ щ к ө зқ а р а с : Ж а п о н и я м е н А Қ Ш -т а гы м е к т е п к е д ей ін гі
э л е у м е т т е н у .
Бала кезімізде үйренген немесе үйренбеген нәрселердің өміріміздің 
соңына дейін әсері болары сөзсіз. Мысалы, 3 жасқа дейін қалыптасатын 
сөздік қорымыз (сөздер саны) оқуға деген қабілетімізге, жоғары оқу 
орнын бітіруімізге ықпал етеді (Farkas & Вегоп, 2003). Өкінішке қарай, 
байлармен және ақ нәсілді ата-аналармен салыстырғанда орта деңгей- 
дегі, кедей, жұмысшы тап және афроамерикалық ата-аналар өз балала- 
рымен едәуір аз сөйлеседі және сөйлескенде де қолданатын сөздік қоры 
тым жұтаң. Нәтижесінде, 3 жасқа келгенде кедей отбасынан шыққан 
балалар жұмысшы отбасы балаларына қарағанда 33 пайызға аз сөз 
біледі, ал сөздік қоры орта деңгейлі отбасы балаларынан 50 пайызға аз 
болады (Farkas & Вегоп, 2003). Кедей немесе афроамерикалық ата-ана- 
лар балаларымен көбірек сөйлессе, мүндай айырмашылық болмас еді. 
Қазір көптеген ұйымдар ата-аналардың көзқарасын өзгертуге немесе 
балаларын арнайы мектепке дейінгі бағдарламаларда оқытуға ықпал 
етіп келеді.
Жастық шақ
Жастық шақ балалық пен ересектік арасындағы көпір іспеттес. Жастар- 
дың алдында тұрған басты мәселе - ата-анасынан тәуелсіздік алу.
Жас кезімізде біз көбінесе алдын ала әлеуметтенуді жүзеге асы- 
рамыз. Болашақта ұстанатын әлеуметтік сипатымызға қажетті сенім- 
дер мен әрекеттерді үйренеміз. Мысалы, шамамен, 1980 жылға дейін 
америкалық қыздардың көбі «үй шаруасы» курстарын тәмәмдауға
яғни тамақ пісіріп, тігін тігуді үйренуі тиіс еді, ал ұлдар машина жөн-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет