Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет72/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

60
1-ТАРА У
әлеуметтік проблемалар мен әлеуметтік күштерге байланысты еке- 
нін халықтың түсінуіне көмектеседі.
Қоғам қызметіндегі әлеуметтанушылар
Әлеуметтанушылардың көбі ғалым ретінде өз жұмыстарын жеткі- 
лікті бағалай алмайды. Дегенмен үкімет құрамында, бизнесте, ком- 
мерциялық емес үйымдарда немесе ғылым саласында жүмыс істей 
жүріп, қоғамды өзгертуге бар ынтасымен кірісетіндер де бар. Сон- 
дықтан әлеуметтанушылар қоғамда оң өзгеріс жасау үшін қоғамдық 
комиссиялар мен мемлекеттік мекемелерде қызмет етеді. Олар жеке 
жүріп те, «ұлтаралық ынтымақтастық пен әділеттілікті дамыту- 
ға» ұмтылатын «Шекарасыз әлеуметтанушылар» секілді ұйымдар- 
ға кіріп те («www.sociologistswithoutborders.org») өзгеріс жолында 
тер төгеді.
Сонымен қатар көптеген әлеуметтанушылар қүқықтық істер 
бойынша сарапшы ретінде қызмет етеді, судьялар мен адвокаттар 
әлеуметтанулық зерттеулерді сот істерінде пайдаланады. Мәселен, 
2010 жылы Вашингтон штатының судьялары тұтқындалған, соттал- 
ған және жазасын өтеп жүрген азшылық топ өкілдерінің кемсітіліп 
жатқанын дәлелдейтін әлеуметтанулық зерттеулерді негізге ала 
отырып, түрмедегілерді дауыс беру қүқығынан айыру туралы заңды 
қабылдамай тастады (Ortyl & Minyard, 2010). Осы зерттеулердің негі- 
зінде судьялар «бұл заң азшылық өкілдерінің көбін (заңсыз түрде) 
дауыс беру құқығынан айырады» деген қорытындыға келді.
Бұл бізге не береді?
Әлеуметтану - қызықты әрі сан қырлы сала. XIX ғасырдың басында 
ол университеттік білім беруде басты рөл атқаратын негізгі әлеу- 
меттік ғылымға айналды. Оның теориялық тұрғыдан негізгі үш құ- 
рамдас бөлігі - құрылымдық функционализм, конфликт теориясы 
және символдық өзара әрекетке түсу әлемге ерекше көзқараспен қа- 
рауға мүмкіндік берсе, әртүрлі әдіснамалық тармақтары сан қырлы 
қоғамдық өмірді зерттеуге қажетті құралдар ұсынады. Бүл қүралдар 
әлеуметтанушылардың әлемді түсініп қана қоймай, оны жақсартуы- 
на да көмектеседі.
Қорытынды
1. Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды жүйелі түр- 
де зерттейтін, қоғамдық қарым-қатынас және 
қоғамтуралы ғылым. Қоғамдегеніміз-ортақгео- 2. 
графиялық аумақта орналасқан, экономикалық, 
мәдени және саяси байланыстар біріктіретін әрі 
«Адамдар бір-бірімен қалай әрекетке түсуі ке- 
рек» деген сүраққа жауап ретіндегі ойлары бір 
жерден шығатын, ұзақ өмір сүретін қауым, ұлт 
немесе сол сияқты ірі топ. Әлеуметтік қиялды 
пайдаланған кезде біз әлеуметтік құрылымдар
адамның мінез-құлқы мен жеке проблемалары- 
на қалай ықпал ететінін түсінеміз. 
Индустриялық революциядан кейін қарқын 
алған әлеуметтік өзгерістер әлеуметтанудың да- 
муына кең жол ашты. Жедел әлеуметтік өзгеріс- 
терден туындаған мәселелер әлеуметтік процес- 
тер туралы нақты ақпаратқа деген сүранысты 
арттырды. Әлеуметтік мәселелерге бағытталу 
әлеуметтанудың маңызды сипаты болып қала 
береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет