Ө/ІЕУМЕТТЕНУ
101
мыз жетілмесе де сол бала кездегі тәжірибелеріміз кейінгі дамуы-
мызға негіз болады.
Ата-ананың діни ұстанымы, әлеуметтік деңгейі мен ұлты - баланың
мінез-құлқына,
нанымына, өзін-өзі бағалауына және қоғамда алатын
орнына ықпал ететін әлеуметтенудің маңызды агенті болып табылады.
Олар басқалардың бала жайындағы пікіріне эсер етеді және баланың от-
басынан тысқары ортада әрекегке түсетін топтарын анықтайды. Осылай-
ша, отбасының нәсілі, деңгейі және
діні баланың аулада, мектепте және
жұмыс барысында алғашқы тәжірибе жинауына ықпал етеді.
Қатарластар
Өткен ғасырларда кейбір балалар оқшауланған шаруа қожалықта-
рында өмір сүрді, қазіргі кезде де сондай жағдай кездеседі. Мұндай ба-
лалардың отбасылары бала кезінен әлеуметтенудің жалғыз маңызды
агенті болды. Алайда соңғы бірнеше
онжылдықтағы міндетті білім
беру, жұмыс істейтін жастар санының артуы қазіргі қоғамда жастар
субмәдениетінің пайда болуына себеп болды. Ата-аналардың екеуі де
жүмыс істеуі бұл жагдайды одан әрі жеделдетіп жіберді. Сөйтіп, қатар-
ластар тобымен өзара әрекетке түсу арқылы вакуумның орны толты-
рылды (Osgood et al, 1996). Қатарластар тобы дегеніміз-жастары және
әлеуметтік мәртебесі бірдей адамдар. Осы топтың әр мүшесі қатарлас
деп аталады. Көптеген балалар осы топқа кіруге үлкен мән береді және
сол топтың мәдениетін тез қабылдайды (Harris, 1998; Handel, Cahill, 8c
Elkin, 2007).
Әлеуметтенуді және өзін-өзі бағалауды дамытуда қатарластар-
дың өзара әрекеттесуінің ықпалы қандай? Бір-бірімен араласатын ба-
лалардың киім кию улгісі мен іс-әрекеттері ұқсас болып келеді. Мейлі
олар чирлидерлер, жақсы оқитын студенттер тобы немесе банды бол-
сын, қатарластар топ мүшелеріне сол топқа
сай болу жөнінде талап
қояды. Ересектердің бақылауынсыз достарымен көбірек уақыт өткіз-
ген балаға достары міндетті түрде эсер етеді (Haynie
&
Osgood, 2005).
Нәтижесінде, қатарластардың құндылықтары мен өмір салтына
сай болуға ұмтылу отбасында кикілжіңдердің туындауына
әкеп соқ-
I
Отбасы баланы әлеуметтендіруде,
I баланың нақты дағдыларды, тілдерді,
құндылықтарды меңгеруінде маңызды
рөл атқарады.
Қатарластар тобы - жасы мен
әлеуметтік мәртебесі бірдей
адамдар.
Қатарлас - қатарластар тобының
мүілесі.