Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Секталық Ислам: ислам фундаментализм!



Pdf көрінісі
бет402/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Секталық Ислам: ислам фундаментализм!
Соңғы жылдары элем бойынша ислам фундаментализмінің өршуі байқа- 
лады. Христиандық фундаментализм сияқты ислам фундаментализм! де 
секта: Исламдағы өзгерістерге қарсылықтан пайда болған.
Христиандық фундаменталистер АҚШ қоғамы секуляризмнің 
кесірінен бүлінген және «нағыз» христиандық тұжырымдардан алыс- 
тады дегенді алға тартты. Ал ислам фундаменталистері заманауи за- 
йырлы мәдениеттен бас тартып, «шынайы» исламдық қағидаларға 
оралуды талап етеді. Ислам фундаменталистері экономикалық және 
саяси билігі жоқ елдерді өзіне қосылуға шақырады. Сөйте тұра олар 
Дүниежүзілік сауда орталығын жаруға қатысқан, Батыстың саяси 
және мәдени басымдылығынан шаршаған және мұсылмандар аудан- 
дарын басып алудан босатқысы келетін білімді мұсылмандарды да 
өзіне қосылуға шақырады (Amanat, 2001; Barber, 2001; Jacquard, 2002). 
Соңғысы саяси сенім мен әрекеттің діни сипаты емес, Батыстағы би- 
леушілерді үрейлендіретін діни ағымға ұқсайды.
Тек аса радикалды ислам фундаменталистері ғана мақсатына 
жету үшін күш көрсете алады. Ал негізі мүсылмандар үшін джихад - 
қанды майдан емес, ең алдымен, рухани, экономикалық, саяси құрал- 
дар арқылы әлеуметтік әділдік орнатуды көздейтін, нәпсінің құлына 
айналмау жолындағы киелі соғыс жайлы түсінік. Тек осы әрекеттер 
нәтиже бермеген жағдайда ғана әскери құралдардың көмегіне жүгі- 
неді (Lawrence, 1998).
Жаңа діни қрзғалыс сипатындағы Ислам: «Ислам улты»
Мүсылмандар АҚШ-та ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқанымен, 
қазір түратын мұсылмандардың дені - иммигранттар немесе имми- 
гранттардың балалары (Smith, 1999). Осы иммигранттардың көпшілігі 
үшін Ислам діні деноминация ретінде қызмет етеді, яғни осы мемле- 
кеттегі көп діннің бірі.
«Қара Мұсылмандар» деген атпен танымал «Ислам ұлты» ұйымы 
жаңа діни қозғалыстар қатарына жатады (Clarke, 2006). Ресми құрыл- 
ған уақыгы 1930 жылдар деп айтылғанымен, бұл ұйым 1960 жылдары 
көпшілікке белгілі бола бастаған.
«Ислам ұлтының» шығуы секталардың шыгуынан өзгеше: ол - 
Ислам дініне тиген әсерден емес, Христиандық пен «Ақ» америкалық 
қоғамға деген қарсылықтан пайда болды. Оның діни ілімі кейбір ис- 
ламдық қағидаларға сәйкес келеді, бірақ африкалықтар мен афроаме- 
рикалықтардың тумысынан үстемдігіне деген сенім қосылған (Clarke 
2006). Алайда бүрынғы ағым мүшелері мен көшбасшылары бұл көзқа- 
растан бас тартып, негізгі Ислам дініне ауысты. Ал бұл үстанымдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет