Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет406/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

БІЛІМ ЖӘИЕ ДІН
363
Діндарлық тенденциялар
Діндарлық әр адамның діни қағидаларды ұстануымен және сол қа- 
ғидаларға байланысты әрекет етуімен анықталады. АҚШ-та ұйым- 
дасқан діндерге мүше болу басқа батыс елдерімен салыстырғанда, 
жоғары және соцғы онжылдықтарда діни қызметтерге көзқарас өз- 
герді (алайда көрсеткіштер төмендеген сияқты).
Неге АҚШ-та діни сенім күшті? Родни Старк және Роджер Финк- 
тің (Rodney Stark and Roger Finke, 2000) айтуы бойынша, бұл сұрақтың 
жауабын жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті және бақыланбайтын 
діни экономикадан табуга болады. Олардың тұжырымдауынша, бұл 
елде діни ұйымдар көп болгандықтан, рәсімдерге олар үздік «тұтыным 
тауарын» ұсынуда бәсекелесіп, жоғары «нарықтық сұраныс» тудырады.
Америкалықтардың көпшілігі Құдайға сенеді, сондай-ақ басқа- 
ларға қарағанда дінге белсене араласады. Мормондар діни қызметке 
кем дегенде аптасына бір рет барады. Ал иудаистер ондай белсенділік 
танытпайды. Протестанттар, католиктер, мұсылмандар аптасына 
бір рет діни рәсімдерге қатысады. Сонымен қатар діни рәсімдерге 
қарттар, әйелдер, оңтүстік тұрғындары, афроамерикалықтар және 
үйленгендер жиі қатысады (Gallup, 2010; American Muslims, 2011).
Қызық тақырыптардың бірі - табыс, білім және дін арасындағы 
байланыс. Бұрындары ғалымдар дінге сенушілер қатарында кедей 
және тылсым дүниелерді түсіне алмайтын білімі жоқ адамдар бо­
лады деп ойлаған. Жоғары білімділер арасында «дін адам өмірінде 
маңызды орын алады» деп ойлайтындар қатары көп емес. Дегенмен 
жоғары білімі жоқтармен салыстырғанда, колледж түлектері мі- 
нәжатханаға жиі барады (Gallup, 2010). Ал дінді өмірдің маңызды 
бөлшегі деп санайтындар арасында жоғары білімді азаматтар мен 
білімі жоқтардың үлесі бірдей, олар бірдей деңгейде діни консер- 
вативтік көзқарас ұстанады (General Social Survey 2009). Негізінде, 
дінге мойын бұрмағаннан гөрі негізгі ғибадатханамен байланыста 
болу пайдалырақ. Бұл әсіресе бірлестіктерге мүше, ерікті қауым- 
дастықтарға жататын және дәстүрлі құндылықтарды бағалайтын 
адамдарға тән сипат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет