Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет438/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

АҚШ-та жұмыс істеу
Қарапайым адамның көзқарасы бойынша экономика, негізінен, жұ- 
мыспен байланысты. Бір адамдар үшін жұмыс орны табыс көзі болса, 
енді бірі үшін - мансап. Қалай болғанда да, жұмыс көптеген адамдар- 
дың өмірінде маңызды орын алады. Бұл тарауда АҚШ-тағы жұмыстың 
түрлері, жұмыссыздықтың және жарты күндік жұмыстың сипаты, со­
нымен бірге болашақтағы жұмыстар жөнінде айтылады.
Кәсіп түрлері
Сіздің мамандығыңыз өміріңізге әртүрлі жолдармен эсер етеді. Осы 
ретте біз кәсіби және кәсіби емес жұмыстың басты айырмашылықта- 
рын, сондай-ақ «астарлы экономиканы» талқылаймыз.
Кәсіпқой мамандар -жоғары 
кәсіби даярлықты талап ететін, 
айтарлықтай жеке дербестігі 
қамсыздандырылған және 
қоғамның сеніміне ие мамандар.
Кәсіби мамандық
Ең беделді маман - кәсіпқой маман. Әлеуметтанушылар кәсіпқой 
маманды үш сипаттамаға сәйкес келгенде мойындайды; дербестік
жоғары кәсіби дайындық және қоғамдық сенім. Біріншіден, жеке бі- 
лім беру және лицензиялау стандарттарын белгілеу, сондай-ақ білік- 
сіздігі мен лауазымдық құқық бұзғаны үшін кәсіподақ мүшелерін 
жазалау әрекеттерін атқару үшін кәсіпқой мамандықтың дербесті- 
гі болуы керек. Мысалы, дәрігерлерді біліксіздігі үшін айыптайтын 
лицензиялау кеңестерін емделушілер емес, дәрігерлердің өздері құ- 
рады. Екіншіден, кәсіпқой маманның кеңейтілген жүйелі дайындық


САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
391
арқылы алынған техникалық, мамандандырылған білімі болуы ке- 
рек. Мысалы, заңгерлер де, автомеханиктер де мамандандырылған 
білім алуы тиіс. Бірақ заңгерлер бірнеше жыл бойы оқуы керек болса, 
автомеханиктерге бірнеше айлық білім де жеткілікті. Үшіншіден, кә- 
сіпқой маман ар-намыс кодексін сақтап, қоғаммен санасуға міндетті. 
Оның табыс табу үшін емес, игілік үшін қызмет етуі маңызды. Мыса­
лы, қоғам көптеген министр, дәрігер және заңгер жеке табысын мем- 
лекеттік қызметтен жоғары қойғанын түсінгенімен, барлығы бірдей 
мұндай әрекетке бара бермейді деп санайды.
Кәсіпқой мамандардың алатын марапаттары да әртүрлі болады: 
мұғалімдерге қарағанда дәрігерлердің табысы мен беделі сөзсіз жоға- 
ры. Дегенмен барлық мамандар тікелей бақылауда болмайды. Өйткені 
олардың жұмыстары өзіндік көзқарасты және жұмыс жасау кезінде 
өзіндік әдіс қолдануды талап етеді.
Алайда кәсіпқой мамандардың қадағалаудан тыс болуы уақыт өте 
келе қысқарады. Мұндай мамандар көп жағдайда дербестік қүқығын 
шектейтін бюрократиялық қүрылымдарда өзгелер үшін жұмыс істей 
бастайды. Мұғалімдер қазір көп уақытын оқушыларды стандартты те- 
стілеуге дайындау үшін жұмсайды. Дәрігерлер емделушілерге нұсқау 
берген кезде медициналық сақтандыру компаниялары құптаған 
дәрілермен шектелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет