Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет468/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
417
14.1-КАРТА. ХХІғасырдагы миграцияныңнегізгі бағыттары.
ДЕРЕККӨЗ: Martin & Widgren, 2002.
Мемлекеттің қалған бөлігінде орталық қалалар қысқарып, айна- 
ласындағы аймақтар өсті. Субурбан қаланың сыртында қалыптаса- 
тын, жұмыс орнымен және сапалы қызметпен емес, тек тұрғынжай- 
мен қамтамасыз ететін аудан. Атап айтар бір маңызды жайт - орта 
тап қаладан амалсыз кетті, содан келіп анағұрлым үлкен қалалар- 
да тек байлар мен кедейлер ғана түратын болды (Scott, 2006). Жұмыс 
орындары іргедегі аудандарға ауысқан кезде қалада кедейшілік бе­
лец алды. Қатынайтын қоғамдық көлік мүлде азайды. Ал байлар 
қаладағы тұрғын үй бағасын қымбаттатты («Out of Sight», 2000). Ор- 
талық қалалардағы тұрғындардың едәуір тұрақтанғанына қарамас- 
тан, соңғы бірнеше жылда баспана шыгындары, жүмыс орындары 
және көлік тасымалына байланысты мәселелер таяудағы жылдарда 
сақталуы мүмкін.
Қалалық емес (нонурбан) аймақтар да белгілі бір межеде өсті 
(Johnson, 2003). Бүл ретте де өсімнің көп бөлігі жылы жағажайлы және 
Батыс штаттарында әсіресе демалысқа қолайлы әрі ірі қаладан бірне- 
ше сағаттық қана жерде орналасқан аудандарда байқалды. Бірақ зей- 
неткерлер мен интернетке қосылуға мүмкіндік бар кез келген жерде 
өмір сүре алатын жұмысшылар санының артуы солтүстік Мичиган, 
Техас штатындағы Арчер округы сияқты қашықта жатқан бағытта аз 
да болса миграцияның өсуіне ықпал етті (Fessenden, 2006).
Қала маңындағы және қала сыртындағы өмір автокөлікке тәуелді 
болғандықтан ауаның ластануы артты. Сонымен қатар 1970 жылдан 
басталған АҚШ-тағы ішкі миграция қоршаған ортаның ластануына
Субурбан қаланыц сыртында 
қалыптасатын, жұмыс орны 
мен сапалы қызметпен емес, тек 
тұрғынжаймен қамтамасыз ететін 
аудан.
27-251


418
14-ТА РА У
2005 жылғы «Катрина» дауылынан 
I кейінЖаңаОрлеанныңбірқатар 
аудандарында уйлер қирады. Осының 
салдарынан көптеген отбасы Жаңа 
Орлеаннан Хьюстонға және басқа 
қалаларға көшіп кетті. Бұл процесс ішкі 
миграция деп аталады.
төтеп бере алмайтын аймақтарға қарай бағытталды. Флорида, Кали­
форния штаттарында және Оңтүстік-батыстың басым бөлігінде ауыз 
суға сұраныс артып отыр. Мемлекет су пайдалану жөніндегі заңды- 
лықтарды реттей алмаса, осы мәселе төңірегіндегі саяси шиеленіс 
өрши тусуі мүмкін. Сумен қамтуға рұқсат алудағы бәсеке ауыл шаруа- 
шылығы мен қалалық мүдде арасындағы қарама-қайшылықтарды 
арттыруы ықтимал.
АҚШ-тағы туу коэффициенті, өлім көрсеткіштері және мигра­
ция халық пен әлеуметтік институттар арасындағы өзара байланыс- 
ты анық сипаттайды. Әлеуметтік тап, әйел рөлі, нәсілдік және этни- 
калық қатынасгар халық санының өзгеруімен тығыз байланысты. 
Халықтың әлеуметтік қарым-қатынас үшін аса маңызды бір ғана қосым- 
ша элементі - қауымдастық көлемі. Енді соны қарастыратын мәселе.
Урбанизация
Біздің көптеген әлеуметтік институттарымыз аграрлық қоғамдардан, 
яғни түрғындардың басым бөлігі тұрып, жұмыс істейтін ауылдық 
жерлерден бастау алады. 1850 жылдың өзінде дүниежүзіндегі халық- 
тың небары 2 пайызы ғана 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда өмір 
сүрді (Davis, 1973). Бүгінгі уақытта дүниежүзі халқының жартысынан 
көбі және АҚШ тұрғындарының 80 пайыздан астамы қалалар мен ас- 
таналық аудандарда өмір сүреді. (Артта қалған және дамыған елдерде- 
гі халықтың ауысуы 14.4-сызбада көрсетілген). Қалалар қалай дамы- 
ды және олар қандай деңгейде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет