Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет476/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Күнделікті қала өмірі
Қала өмірінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Бұл 
тарауда қала өмірінің әлеуметтік тораптарға, қала мацы интеграция- 
сына және өмір сүру сапасына ықпалын қарастырамыз.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР. Қала өмірінің жеке интеграцияға ықпалы өте 
аз. Әлеуметтік торап жөніндегі сауалнамалардың көрсетуі бойынша, 
қала тұрғындарының ауыл тұрғындары сияқты жеке байланыстары 
көп. Қалалықтар ауыл тұрғындарына қарағанда, туыстарынан гөрі 
достарын көп іздейді деген пікір бар. Қала тізімінде тегі, олардың 
ата-ана, бала немесе аға-әпке екені сұралмайды. Себебі олар туыста­
рынан алшақ деп саналады (Amato, 1993). Алайда қалалықтар жал- 
ғыз немесе отбасы мен достарынан оқшауланған деген пікірге нақты 
дәлел жоқ.
АУДАН ИНТЕГРАЦИЯСЫ. Эмпирикалық зерттеулер әдетте аймақтың 
өте әлсіз топқа жататынын көрсетеді. Қала тұрғындары, мейлі ол қала 
орталығынан, мейлі қала маңынан болсын, қалалық өмір іргелес 
түратын адамдарды жақсы көру қажеттілігінен босатып, тән жақын- 
дығын таңдауға мүмкіндік берді деп санайды.
Мүндай еркіндік ауыл түрғындарында жоқ. Қаланы зерттеу- 
шілерде тән жақындығы арадағы қатынастың негізі бола алмайды 
деген гіікір қалыптасып келеді (Flanagan, 1993). Адамдар жақын цаты- 
насты туыстық, достық және жұмыс топтары негізінде орнатады және 
бетпе-бет емес, Facebook, мәтіндік хабарлама немесе шұгыл хабарла- 
ма алмасу арқылы байланысып отырады. Қысқаша айтқанда, қала- 
лықтардың жақын туыстары бар, бірақ олардың бірге тұруы екіталай.


426
14-ТАРАУ
Көп адам қаладағы қарбалас өмірді 
үнатады.
Әйтсе де олар қиын жағдайға тап болғанда жақын достарынан, ата- 
аналарынан немесе ересек балаларынан көмек сұрайды. Бір ғана Нью- 
Йорктің Олбани-Скенектади-Тройдағы көршілік қарым-қатынастарға 
жүргізілген зерттеу нәтижесінде барлық қарым-қатынастың 15-25 па- 
йызы отбасылық көршілер - бір ауданда тұратын ата-аналар мен ересек 
балалар арасында болып шыққан (Logan & Spitze, 1994).
Ал көршілердіц бейтаныс болуы - сирек жағдай, тіпті кейде эмо- 
ционалдық жақындықтан көршілік қатынас маңыздырақ болады. 
Есік кілттеніп, уйде қамалып қалғанда, бір қасық ванилин керек 
болса немесе шығындар қағазына қол қою керек болғанда, әрине, көр- 
шілерге сенеміз (Wellman & Wortley, 1990). Алайда көршілерімізге көп 
қолқа сала бермейміз және олардың да бізге тым сеніп қалғанын қа- 
ламаймыз. Көпшілігіміз көршілер әрдайым жеңіл-желпі көмекке әзір 
жақсы адамдар дегі білеміз. Сол себепті аудандар әлеуметтік тапқа 
және отбасылық өмір иелеріне бөлінеді. Біз көршілерге сенеміз, өйт- 
кені олар - белгілі бір деңгейде өзіміз сияқты адамдар.
ӨМІР САПАСЫ. Үлкен қалаларда өмір қызу қарбаласпен өтеді. Апта- 
ның 7 күні, тәулігіие 24 сағат бойы адамдар тірліктің кез келген қа- 
рекетін жасай алады. Қала неғұрлым үлкен болған сайын ұсынатын 
ойын-сауық түрлері де соғұрлым көп болады: кітапханалар, музейлер, 
зообақтар, саябақтар, концерттер және галерея. Қала көлемінің үл- 
кендігіне қарай медициналық қызмет, полиция мен өрт қауіпсіздігін 
сақтау сапасы да дами түседі. Осы артықшылықтар үшін көпшілік қа- 
лада тұруға асық.
Екінші жағынан қарасақ, мұндай қаланың кемшіліктері де бар: 
у-шуы көп, ығы-жығы адам, тұргын үй қымбат және қылмыс жиі жа- 
салады. Қалалар мен қала маңындағы аудандарға қарағанда, ауыл-ай- 
мақта зорлық-зомбылық пен ұсақ қылмыс көрсеткіші айтарлықтай 
төмен. Ал шағын қалаларға қарағанда, ірі қалаларда қылмыстық 
жағдайлар көбірек (Federal Bureau of Investigation, 2010).
Осындай кемшіліктердің себебінен көп адамдар қаланың өзінде 
емес, қала маңында өмір сүруді жөн көреді. Америкалықтардың ба- 
сым бөлігі үшін ең қолайлысы - қала маңындағы барлық жағдайы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет