Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


-ТА РАУ Эталон топтар - адамдар өздерін  үнемі салыстырып жүретін топтар. І



Pdf көрінісі
бет162/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

5-ТА РАУ
Эталон топтар - адамдар өздерін 
үнемі салыстырып жүретін топтар.
І
Панктер, спортшылар әлде жағажайда 
қыздырынуды ұнататындар сияқты 
топ болсын, әйтеуір қандай топтың 
мүшесі болсақ та, біз топтың басқа 
мүшелері секілді киініп, солар секілді 
әрекет етуге бейім түрамыз, сол арқылы 
бір-бірімізбен жақындығымызды 
арттыратүсеміз.
дің қыздарға қырындайтыны бар», - деп өтірік айтады. Немесе ол Эми 
мен Мануэльдің әлденеге келіспей қалғанын күтіп, сол сәт туғанда 
оны өзіне қаратып алуы ықтимал. Екіншіден, триадалар көбіне асси- 
метриялы болып келеді. Олардың арасында екеуі өте тығыз араласады 
да үшіншісі үнемі шеттетіліп жүреді. Үш адамнан тұратын кез кел- 
ген достар тобында екеуі үшіншісіне қарағанда, бір-біріне өте жақын 
болады, үшіншісі осыны біліп, ренжіп жүруі ықтимал.
Топтың түрлері
Біздің әрқайсысымыз әулет, әйелдер клубы, спорттық команда, «Әлеу- 
меттану» тобының студен гтері, Библияны оқу сыныбы, жұмыс тобы 
сияқты түрлі топтарға мүшеміз. Бұл тарауда біз 
э т а л о н т оп, н е гізгі
т оп , қ о с ы м ш а т о п
деген үш түрлі топ туралы айтамыз.
Эталон топтар
Егер Демарио студенттердің бауырластық тобының (АҚШ-тағы жас- 
тар бас қосатын өзара бауырластыққа негізделген құпия топтар - 
ред.) мүшесі болса, онда жүріс-тұрысы, алған бағасы және спорттық 
шеберлігі топтағы достарының қалауына сай болуын қадағалайды. 
Егер Нэнси үшін өзі қатысатын діни ұйымның маңызы өте зор болса, 
онда ол өзін сол ұйымға барып жүрген басқа құрбы-құрдастарымен 
салыстырады. Яғни студенттердің бауырластық тобы - Демарионың, 
ал діни үйым - Нэнсидің эталон тобы. Эталон топ - адамдар өздерін 
үнемі салыстырып отыратын топ. Эдетте адамдар өздеріне ұқсас 
адамдар кіретін топтарды эталон топ ретінде таңдайды. Сөйте түра, 
кейде олар өздері қосылғысы келетін топтарды да эталон топ етіп 
алады. Мэселен, Демарио бауырластық тобына кірерден бұрын сол 
топтың мүшелері қалай киінетініне көз салып жүреді, содан соң то- 
лығымен оларга ұқсас болу үшін киіміне аз-маз өзгеріс енгізеді.
Эталон топ біздің өмірізге үлкен ықпал етеді. Мәселен, ондаған 
жылдар бойғы зерттеу нәтижелері дәлелдегендей, өзімізді жақсырақ 
өмір сүретін басқалармен салыстыра берсек, онда біздің бақыттылық 
деңгейіміз төмендейді екен. Бұл қүбылыс салыстырмалы депривация 
(әлеуметтік мұқтажын өтеу мүмкіндігінен айырылу) деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет