Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет442/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Жұмыстың болашағы
Таяудағы жылдарда америкалықтар үшін жұмыс мәселесі қандай бол- 
мақ? Осы сұраққа жауап беру үшін тұрақсыз жұмыстардың көбеюіне, 
АҚШ экономикасының өзгеруіне және технологияның, жаьандану 
мен мемлекеттік саясаттың ықпалына назар аударуымыз керек.
Түрақсыз жүмыстардың көбеюі
Жұмыссыздық пен жарты күндік жүмысты талдау көрсеткендей
АҚШ-та тұрақсыз жұмыстар айтарлықтай артқан. 
Тұрақсыз жұмыс -
жүмысшыларға ұзақ мерзімге шамалы ғана тұрақтылық ұсынатын 
жұмыс (Kalleberg, 2009). Бұрынғыдай емес, қазір жұмыс берушілер жұ- 
мысшыны бір жылға, болмаса белгілі бір сағаттарға жалдайды. Енді 
біреулер суб-келісімшарт арқылы немесе жеке мердігер ретінде жал- 
данып, корпорациялардың қазірге дейін өз қызметкерлеріне ұсынып 
отырған сыйақы, жәрдемақы не тұрақты жүмысының бірін де алмас- 
тан еңбек етеді. Мысалы, 2011 жылы Аризона штатындағы Мемле- 
кеттік университет аула сыпырушыларын түгел жұмыстан босатып 
(олардың жәрдемақысына медициналық сақтандыру және отбасы мү- 
шелерін оқыту кіретін), олардың орнына тазалау жұмыстарын ұсына- 
тын компаниямен келісім-шарт жасасты. Бүрынғы аула сыпырушы- 
ларға компаниядағы жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін өтініш 
жазу жөнінде ұсыныс айтты, бірақ жалақысы азырақ және ешбір жәр- 
демақы төленбейтін болды.
Тұрақсыз жұмыс -
жұмысшыларға ұзақ мерзімге 
шамалы ғана тұрақтылық 
ұсынатын жүмыс түріне жатады.

Қазіргі уақытта АҚШ-та тез көбейіп 
I кележатқанжұмысорындары- 
жалақысы төмен, басымдығы санаулы 
және ары қарай дамуға мүмкіндік 
бермейтін жұмыс орындары.


394
13-ТАРАУ
Соңғы онжылдықтарда жұмыс тұрақсыздығы өсуінің бірнеше 
себебі бар (Kalleberg, 2009). Заңдағы және қоғамдық пікірдегі өзге- 
рістерге қарасақ, жұмыс берушілер (әсіресе ірі корпорациялардың) 
жылдар бойы істеп келген адал қызметкерлерінің тұрақты жұмы- 
сынан гөрі жалдамалы жұмысшылардың икемділігін жоғары баға- 
лай бастаған.
Wal-Mart экономикасы тарауында айтылғандай, мемлекеттік 
бақылау азайғандықтан, ірі корпорациялар көбейді. Соның салдары- 
нан жергілікті халықты жұмыспен қамтып отырған майда кәсіпо- 
рындар жойылды. Сонымен бірге жаңа заң актілері бойынша кәсіп- 
одақтар мен жұмысшылардың өкілетгігі қысқарды. Нәтижесінде, 
жұмысшылар жалақыны көтеруді және жәрдемақылар тағайындау- 
ды талап ете алмады. Сонымен қоса әлеуметтік қамсыздандырудан 
«жұмыспен қамту» бағдарламасына өткендіктен, адамдар мемлекет 
тарапынан қандай да бір көмек алу үшін, төмен жалақы берілетін 
ауыр жұмыс жасауы керек болды, яғни төменгі тап жұмысшылары- 
ның жалақылары қысқартылады. Қазіргі жаһанданған экономика 
жағдайында жұмыс берушілер көбінесе азғантай жалақыға жұмыс 
істейтін шетелдік компьютер бағдарламашыларын, фабрикалар мен 
байланыс орталығының қызметкерлерін жалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет