тұрғысынан бағалануы.
сәйкес бағалау тенденциясы.
68
2-ТА РА У
1
1911 жылы Роберт Ф.Скотт бастаған
британдық топ пен Руаль Амундсен
бастаған норвегиялықтоп Антарктикаға
жеткен алғашқы зерттеушілер болды.
Британдықтоптың этноцентризмі
оларды құрдымға кетірді: Скоттың тобы
шананы өздері сүйреп, қазаға ушырады,
ал Амундсеннің командасы инуиттердің
ит-шаналары мен шаңғы техникасын
қолданғандықтан, сапарларын сәтті
аяқтады.
дың өзара қарым-қатынасындағы күнделікті ұсақ-түйектен бастап
өркениеттің соңғы жаңалықтарына дейін үйрете бастады. Полинезия-
лықтарды сағат пайдалануға, кездесуге уақытында келуге, полинезия-
лық климатқа сай болмаса да киім киюге үйретті. Миссионерлер осы-
лай өмір сүру өзін-өзі үстаудың жалғыз дұрыс жолы деп есептеді.
2.1-сызбада көрсетілгендей, этноцентризм Еуропа елдеріне қа-
рағанда АҚШ-та басым болып келеді. Алайда «басқа мәдениеттермен
салыстырғанда біздің мәдениет жақсы» деп есептейтін америкалық-
тардың саны 2002 жылы 60 пайыздан 2011 жылы 49 пайызға дейін тө-
мендеген және бұл көрсеткіш басқа, көп елдегіден әлдеқайда төмен
(Pew Research Center, 2011).
Этноцентризм, көбінесе әртүрлі мәдениет адамдары арасындағы
өзара әрекеттестікке кедергі келтіреді, бұл жек көру мен түсінбеуші-
лікке әкеледі. Алайда бүл мүлдем жаман нәрсе емес. Этноцентризм өз
мәдениетін мақтан тұтуды және жеке өмір салтына деген сенімділікті
арттырады. Демек, қоғамның бірлігі үшін бұл өте маңызды. Басқаша
айтқанда, адамдар өз мәдениетіне бағынады, өйткені оны өзін дұрыс
ұстаудың жолы деп есептейді. Осындай сенім болмаса қоғамда сәйкес-
тік аз, қайшылық көп болар еді.
Этноцентризм - бір мәдениетте өсіп-өнудің табиғи, тіпті қалау-
лы өнімі. Алайда оның жағымсыз салдары да бар, ол басқаша ойлау
мен сезінудің құнын кемітуге әкелуі мүмкін. Соның салдарынан этно
центризм өзгеріс өздеріне жақсылық әкелетінін біле тұра адамдардың
әдеттерін өзгертуіне мүмкіндік бермейді (Diamond, 2005). Мысалы, Ан-
тарктикадағы норвегиялық зерттеушілер британдық зерттеушілерге
қарағанда әлдеқайда жақсы өмір сүрді, себебі норвегиялықтар инуит-
тер (эскимос) киімін киіп, шаңғы қолданып, шанаға ит жекті, ал бри-
тандықтар мұндай тәсілді өз деңгейіне сай деп санамай, соның кесірі-
нен қазаға ұшырап жатты (Huntford, 2000).
Достарыңызбен бөлісу: