Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет158/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   870
Әлеуметтік бақылау

Әлеуметтік  бақылау  адамдарды  өз  мәдениеті  мен  қоғамының  нор- 

малары  мен  құндылықтарын  ұстануға  ынталандыратын  күштер 

мен  процестерден  түрады.  Біз  нормалар  мен  құндылықтарды  бала- 

лық шақтан бастап отбасынан, көршілерден және  басқа  балалардан 

үйренеміз.

Біраз  уақыттан  кейін  осы  нормалар  әдетке  айналғаны  сонша- 

лық,  біз  басқа  жолмен  өмір  сүруді  елестете  алмаймыз,  олар  біздің 

өміріміздің  ажырамас  бөлігіне  айналады,  сондықтан  біз  оларды 

шектеулер  деп  түсінбеуіміз  мүмкін.  «Тісімді  тазалауым  керек,  әйт- 

песе достарым мен отбасым менен алыстап кетеді» деп ойламаймыз, 

оның  орнына:  «Тісімді  тазаламасам  жиіркенішті  боламын»,  -   деп 

ойлаймыз. Алайда мыңдаған жылдар бойы ешкім тісін  газаламаған 

адамды жиіркенішті деп санаған емес. АҚШ тұрғындарының көпші- 

лігі үшін тіс тазалау адамның өзін жақсы сезінудің бір бөлігі болып 

табылады, мүны істемесе олар өздерін жиіркенішті сезінеді.

Тәрбиенің, оқу мен тәжірибенің арқасында қоғамның көп норма- 

лары  бізге  табиғи  болып  көрінеді,  сондықтан  басқаша  әрекет  етуді 

ойламаймыз да.

Идеологиялық  өңдеу,  оқыгу  және  тәжірибе  арқылы  қоғамның 

көптеген  нормалары  орынды  болып  көрінеді,  сондықтан  басқаша 

әрекет ете алмаймыз. Алайда  бірде-бір қоғам осы нормалардың ерік- 

ті түрде сақталатынына толығымен сенбейді, сондықтан сәйкесінше 

шара қолданады: нормаға сай болғандарды сыйақымен ынталандыр- 

са,  керісінше,  нормаға  сай  болмағандарға  жаза  қолданады.  Кейбір 

шаралар ресми сипатта болады, мәселен, кодекстер ресми заңды бұз- 

ғандар үшін айыппұл және жазалау шараларын белгілейді. Сонымен 

қатар көптеген ірі ұйымдарда сырқаттанған күндерге, киіну кодексі-

Ғүрыптар -  ненің дұрыс немесе 

дұрыс еместігі туралы идеялармен 

байланысты нормалар; олар 

моральдық құндылықтарға ие.

Заңдар -  билік құзыретінің күші 

мен санкциясы арқылы бекітілген 

ережелер. Олар нормалар болуы да

болмауы да мүмкін.

Әлеуметтік бақылау - тәртіпке 

бағынуға ынталандыратын 

күштер мен процестер, бүл өзін-өзі 

бақылау, бейресми бақылау және 

ресми бақылауды қамтиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет