78
2-ТАРАУ
ді. Осындай бауырластық мүшелері ерекше өмір салтын қабылдайды:
жыныстық ерекшелігіне сәйкес бөлінген үйлерде бірге тұру, тамақта-
ну, басқа мүшелермен қарым-қатынас жасау дағдылары белгілі бір
нормаға сәйкес болады. Осы субмәдениеттің белсенді өкілдері өздері
оқитын оқу орнында күшті қолдауға ие болады және осы байланыс
оқуын бітіргеннен кейін де жалғаса береді.
Субмәдениет устем мәдениеттен ерекшеленеді, бірақ оған қарсы
келмейді. Ал контрмәдениет құндылықтары, мүдделері мен наным-
сенімдері және өмір салты бойынша үстем мәдениетпен сәйкес кел-
мейтін топтарға қатысты. Бұл конфликтінің мәнін АҚШ-тың контрмә-
дени топтары - панктер арасынан анық көре аламыз. Кейбір жартылай
панктер шашын қырып тастап, өлім туралы рок әндерін тыңдаса да
мектепке баруға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік табады. Ал
хардрок панктер «тура» қоғаммен байланысын үзілді-кесілді үзеді.
Олар жүмыс істеуден немесе қайырымдылық көмегін қабылдаудан
бас тартады; көбінесе көшеде ашулы кейіпте, аш қүрсақ жүріп өмір сү-
реді. Олар қолдарына тұтастырып татуировка салғызады, киімдеріне
немесе қасына түйреуіш тағып алады, себебі басқа адамдарға негізгі
құндылықтардан бас тартқанын білдіруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |