Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет172/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   870
84

2-ТАРАУ

әлеуметтану және сіз

Мәдениеттер айырмашылығының 

тағы бір көрінісі - бәсекені 

қалай бағалайтыны. Құрама 

Штаттардағы бастауыш 

мекгепте оқыған болсаңыз, сізді 

мұғалімдеріңіз жоғары баға алу 

үшін көбірек хоум-ран (бейсбол 

ойынындағы жеңісті жүгіру) 

жасауға немесе «еңжақсы» киім 

үшін бәсекелесуге талпындырғаны 

есіңізде шыгар. Егер сіз Африкада 

өскен болсаңыз мұғалімдер де, 

балалар да сізді бәсекелескеніңіз 

үшін жазалаған болар. Оның 

орнына мұғалімдеріңіз сізді 

сыныптастарыңызға көмектесуге 

және топтың игілігі үшін бірге 

жұмыс істеуге шақыруы ықтимал. 

Бұл айырмашылық Африкадан 

АҚШ-қа немесе АҚШ-тан Африкаға 

қоныс аударған балалар үшін 

мәдени соққы болуы мүмкін.

қарапайым  адамдар  да  қол  жеткізе  алады.  Мысалы,  әкесі  YouTube 

торабына  баласының  қызықты  бейнесін  орналастырғаннан  кейін 

әлгі бала танымал болды, бейнебаянда баланың тіс дәрігерінен шы- 

ғып, үйіне  қайтып келе  жатқанда  анестезия  әсерінен дүниені  сезі- 

нуге тырысқан кезі көрсетілген еді.

Жүлдыздар  мәдениетінің  өрлеуін  көрсету және  нығайту үшін 

көптеген  журналдар  қазір  әйгілі  адамдарға  ғана  арналады:  олар- 

дың  кейбіреулері  (Пэрис  Хилтон  және  Ким  Кардашян  сияқты),  ең 

алдымен,  елге  танымал  болғандықтан  әйгілі.  Қазір  веб-сайттар, 

блогтер, телевизиялық шоу-бағдарламалар және газеттер танымал 

адамдар  туралы  көбірек  ақпарат  таратып,  сайлау  қорытындысы 

мен жұмыссыздық деңгейінің өзгеруі сияқты жағымсыз жаңалық- 

тарды аз қамтуда.

Жұлдыздар  мәдениетін  күлкі  қылу,  америкалық  мәдениеттің 

танымалдыққа  баса  назар  аударуы  жас  америкалықтарды  алдына 

мақсат қоюдан алшақтатады деп санау оңай екені рас. Дегенмен жүл- 

дыздар  мәдениетінің  жағымды  жағы  да  бар.  Мәселен,  адамдар  белгі- 

сіз әлдекімдердің Project Runway бағдарламасында сәнді киім үлгісін 

жасау  арқылы  немесе  American  Idol  шоуында  ән  айту  арқылы  атак, 

пен табысқа қол жеткізгендерін көріп,  өз таланттарын дамытуға  ша- 

быттанады.  Сонымен  қатар  атақ-даңқ  құндылығы  туралы  мәдени 

келісім  америкалықтарды  біріктіріп, олардың ортақ сөздік қоры мен 

талқылайтын тақырыптарын қалыптастырады («Леди Гаганың соңғы 

киім үлгісі ұнамады ма?»  «American  Idol әділ қазылары дүрыс таңдау 

жасады деп ойлайсыз ба?»).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет