Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет174/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   870
МӘДЕНИЕТ

85

Секстинг заңды санкциялар болмаған кезде де қауіп төндіреді: 

сол сауалнама  барысында  жасөспірімдердің үштен  бірінен  астамы 

және  20-26  жас  аралығындағы  адамдардың жартысы  өзіне  келген 

эдепсіз  фотосуреттерді  көбінесе  басқа  адамдарға  жіберетінін  айт- 

қан.  Нәтижесінде,  әдепсіз  суреттер  жіберетін  адамдар  сол  фотосу- 

реттерді кім көретінін бақылай алмайды және бұл олардың беделі- 

не ықпал етуі мүмкін.

Осы  мысалда  суреттелгендей,  технологиялық  өзгерістер  қо- 

ғамға  әлеуметтік құндылықтар,  нақты құқықтық  шешімдер  неме- 

се  олардың  қалай  әрекет  етуі  керектігін  анықтайтын  стандартты 

элеуметтік тәжірибелер арқылы келмесе елеулі әлеуметтік пробле- 

малар туындауы мүмкін.

Мәдени соққы

Сайып  келгенде,  мәдени  әртүрлілік  пен  мәдени  өзгерістер  өмір  са- 

пасын жақсартады.  Алайда  қысқа  мерзімді кезеңде адамдар  әртүр- 

лілікті  де,  өзгерісті  де  үреймен  қабылдайды.  Мәдени  соққы  адам 

басқа  мәдениетке  тап  болған  кезде  пайда  болуы  мүмкін  ыңғай- 

сыз және жағымсыз  әсерлерді  білдіреді.  Мысалы,  Грекияда  жұмыс 

істейтін  америкалық  азаматтар  Грекия  тұрғындарының  таныста- 

рын көрген кезде құшақтасатынына немесе кез келген бір адаммен 

сөйлескен  кезде  өте  жақын  (америкалық  стандарттар  бойынша) 

түратынына таңғалады.  Керісінше, Америка  Құрама  Штаттарында 

жұмыс  істейтін  гректер  америкалықтардың жай  ғана  қол  алысып 

сәлемдесуін  және  әңгімелесу  кезінде  біршама  арақашықтықты 

сақтауын ыңғайсыз көреді. Нәтижесінде, америкалықтар гректерді 

тым арынды  немесе жыныстық тұрғыдан тым  еркін,  озбыр деп  қо- 

рытынды  жасаса,  гректер  америкалықтарды  маңғаз  немесе  суық 

деп сипаттайды.



Жаьандану

Мәдени  соққылар  туралы  пікірталастарға  сүйенсек,  мәдени  өзге- 

рістер  тек  бір  қоғамның  ішінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  қоғам- 

дар  арасында  да  болуы  мүмкін.  Кең  мағынасында  бұл  мәдениет 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет