Жаһанданудың ықлальі
Жаьандану ел ішіндегі және мемлекеттер арасындағы саяси билік-
тің теңгеріміне қалай эсер етті? Кейбір байқаушылар ұлтаралық
корпорациялар ауқымы мен байлығы жағынан қазіргі уақытта
көптеген мемлекеттерден асып түсетінін айтады. Корпорация-
лардың капиталды, жұмыс орындарын және әл-ауқатты бір елден
екіншісіне көшіру мүмкіндігі кез келген елдің заңдарын басып
өтуіне мүмкіндік береді (Sassen, 2001). Ел экономикасы ұлтаралық
корпорацияға тәуелді болғанда, мемлекеттің ол корпорациядан
бас тартуға мүмкіндігі болмайды. Мысалы, Гватемаланың АҚШ-қа
тиесілі United Fruit компаниясының еңбек тәжірибесін бақылауда
мүмкіндігі шектеулі, себебі корпорация қалаған жағдайда ел эко-
номикасына кері әсерін тигізуі мүмкін (Amaro et al., 2001).
Халықаралық үйымдар (Дүниежүзілік банк, Халықаралық
валюта қоры және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қыл-
мыстық соты) санының күрт өсуі - жаьандану процесінің тағы бір
көрінісі. Бұл ұйымдардың негізгі алғышарты - ел үкіметінің ықпа-
лын бәсеңдету, мемлекеттердің халықаралық мақсаттарға (мыса
лы, еркін нарықтарды ілгерілету, саяси тұтқындарды азаптауды
тоқтату немесе сауда кедергілерін азайту) сай келуі үшін қысым
|