Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет177/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   870
Жаьанданудың ықпалы

Жаьандану  -   аса  қуатты  күш.  Ол  әлем  мәдениетіне,  экономикасы 

мен  саясатына,  сондай-ақ  қоғам  өмірінің  барлық  салаларына  эсер 

етуде.


Мәдени ықпал

Найробиде жастар  америкалық хип-хогі музыканы тыңдап,  «Pepsi» 

ішеді.  Нью-Йорк  қаласының жастары Ямайка  регги  концерттеріне 

барып,  Гарри  Поттер  туралы  кітаптарды  оқиды.  Үндістанда  Голли­

вуд  фильмдері  «Болливуд»  (Бомбейде  шығарылған)  фильмдерімен 

бәсекеге  түседі.  Мүның  бәрі  -   мәдениеттің  ғаламдық  таралуына 

мысалдар;  себебі  кинофильмдер,  телевизиялық  шоу,  музыка,  әде- 

биет және басқа  өнер туындылары  барған  сайын бүкіл әлемге тара- 

лып, әлемдік қолданысқа түсуде.

Бұқаралық  мәдениеттің  осы  элементтері  көңіл  көтеруді  ғана 

емес, мәдени құндылықтарды да қамтиды. Үндістан жасөспірімдері 

америкалық  фильмдерді  көргенде,  олар  АҚШ-тағы  соңғы  сән  үлгі- 

сімен,  музыкамен  танысып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  дәстүрлі 

үнділік тәжірибелерге,  мысалы,  ата-аналары  келіскен  некеге тұру, 

әйелдердің  бағынышты  болуы,  ата-аналар  сөзіне  мойынсүну және 

отбасы жеке  адамнан маңыздырақ деген  сенімдерге күмән келтіре 

бастайды.  Осы  себептен  дүниежүзінде  адамдардың  көбі  жаьан- 

данудың  адамдарға  әсіресе  балалардың  мәдени  қүндылықтарына 

оң ықпал етеріне күмәнмен қарайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет