Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет176/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   870
Мәдениет жаьандануы - мәде- 

ниет элементтерінің (соның 

ішінде, музыкалық стильдер, 

сән тенденциялары мен мәдени 

қүндылықтар) бүкіл әлемге тарау 

процесі.


Жаьандану процесі -  идеялардың, 

ресурстардың, тәжірибелер 

мен адамдардың барған сайын 

жергілікті деңгейде емес, әлемдік 

деңгейде әрекет етуі.



86

2-ТАРАУ

Саяси  өзгерістер  жаьандануға  да  ықпал  етті.  1991  жылы  Кеңес 

Одағы  ыдырағаннан  кейін  оның  орнында  пайда  болған  мемлекеттер 

(Белоруссия  мен  Эстония  сияқты),  сондай-ақ  саяси  билігі  тарапынан 

(Польша  мен  Армения  сияқты)  шектеліп  қалған  елдер  капиталистік 

экономикалық жүйеге умтылды. Шикізат көздерін тауып, өнім өндіру 

үшін басқа елдермен экономикалық, саяси және мәдени байланыстар 

орнату қажет болды.

Кеңес Одағының ыдырауы, сонымен бірге мемлекеттерге халықара- 

лық сауда кедергілері тудыратын саяси шиеленісті төмендетті.  Енді Еу- 

ропа елдері -  Кеңес Одағынан құтылған кезде, олар Еуропалық Одақ (ЕО) 

түріндегі  континенттік үкіметке  бірікті.  Осы  одақ көлемінде тауарлар, 

жеке тұлғалар мен қызметтер арасындағы қатынастар бұрын-соңды бол- 

маған еркіндікке ие болды. Польша дәрігерлері қазір Финляндиядан жоға- 

ры ақы төленетін жұмыс орындарын іздей алады, фин дәрігерлері Шве- 

цияда жұмыс істейді және швед дәрігерлерівиза немесе иммиграциялық 

заңдарға алаңдамай, Ұлыбританиядан жұмыс іздей береді. Неміс зауыт- 

тары өз өнімдерін Испанияға тасымалдап, сата алады, ал испан зауытта- 

ры өз өнімдерін Грекияға аз құжаттармен немесе төлемақы тарифтерімен 

жібереді. Сол сияқты 1994 жылы Канада, АҚШ және Мексика арасындағы 

сауда  кедергілерін  азайту  мақсатында  -   Солгүстік  Американың  еркін 

сауда туралы келісімі (NAFTA) қабылданды. Соңғы кездегі экономикалық 

құлдырау, кейбір елдерді өз фермерлері мен өндірушілерін қорғау үшін 

сауда  кедергілерін  күшейтуге  мәжбүрлегенімен,  жаьандану  қуатты 

күш болып қала береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет