Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет178/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   870
Экономикалық ықпал

Жаьандану,  сондай-ақ  тауарларды  сатуға  да,  шығаруға  да  эконо- 

микалық  ықпалын  тигізді.  Әртүрлі  елдерде  өмір  сүретін  адамдар



МӘДЕНИЕТ

87

арасында  экономикалық  белсенділік  артуда.  Бұл  күндері  орыс- 

тар  Coca-Cola  сатып  алса,  америкалықтар  «Тойота»  сатып  алады. 

Жаьандану  -   тауарлар  халықаралық  ауқымда  шығарылған  кезде 

орын  алады.  Мысалы,  «Тойота»  сияқты  ұлтаралық  корпорация  бір 

елден  тауар  шикізаттарын  сатып  алып,  олардан  екінші  бір  елде 

автомобиль  бөлшектерін  өндіреді,  үшінші  елде  машиналарын жи- 

найды,  төртінші  елде  қалдықтарды  өңдейді.  Сөйтіп,  бүкіл  әлемге 

өз машиналарын сатады.

Байқаушылардың 

осындай 

халықаралық 

экономикалық 

кәсіпорындардың әсерін  бағалауында  айтарлықтай  ерекшелік  бар 

(Wade, 2001; Bordo et al., 2003). Олардың кейбірі халықаралық қаржы 

байланыстары  экономикалық  өсімді  ынталандыра  отырып,  өмір 

сүрудің  барлық  деңгейін  жақсартады  және  өзара  тәуелді  (бейбіт) 

әлем құруға  себеп болады деп үміттенеді  (Stiglitz,  2003).  Басқалары 

үлтаралық корпорациялар кедей елдерден шикізат өндіру арқылы 

жергілікті  тұрғындарға  мардымсыз  жалақы  төлеп,  дамыған  ел- 

дерде  заңсыз  болып  табылатын  зиянды  жағдайларда  жұмыс  істе- 

ту  арқылы  сол  елдерге  залал  келтіріп  жүргенін,  ал  барлық  пайда- 

сын  бай  елдер  көріп  отырғанын  айтады  (Petras  &  Veltmeyer,  2001; 

Wallerstein, 2004).

Сыншылар  да  дамыған  елдердегі  экономикалық  жаьандану- 

дың  әсеріне  күмәндана  қарайды  (Publicitizen,  2008).  Мысалы, 

2000-2010  жылдар  аралығында  Құрама  Штаттардан  3  миллионға 

жуық жұмыс орны  еңбекақысы төмен басқа  елдерге ауыстырылды 

(Wessel,  2011).  Сол  себептен  басқа  америкалық  қызметкерлер  жұ- 

мыс орындарын шетелге көшірмес үшін жалақысы мен сыйақысын 

қысқартқанға  көнді.  Сол сияқгы бастапқыда зауыттарын АҚШ-тан 

Мексикаға  көшірген  көптеген  корпорациялар  осы  зауыттарын  Қы- 

тайға  немесе  Вьетнамға  көшірді.  Мәселе  мынада:  бұл  жаьандық 

жұмыс  қозғалысы  жұмыс  орындарын  бай  елдерден  кедей  елдер­

ге  ауыстыра  отырып  жалпы  табысты  көтере  ме,  элде  табысты  на- 

рықтың ең төменгі қатысушыларының деңгейіне дейін төмендете 

ме? Деректерге ден қойсақ:  «Жаьанданудың қүрамдас бөліктерінің 

халықаралық деңгейде  мақұлданбауы»  бүкіл  әлемдегі  ж аьандану 

жағдайына қатысты көзқарасты көрсетеді.

І

Жаһандану америкалықөнімдер 

мен америкалық мәдени 

құндылықтарды бүкіл әлемге таратып 

отырғандықтан, ол басқа қоғам 

мәдениеттеріне қарсы келуі мүмкін. 

Нәтижесінде, жаһандану мемлекет 

көлемінде де, АҚШ пен басқа 

мемлекеттер арасында да шиеленісті 

күрт арттыруы ықтимал





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет