Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет318/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   870
Қүрылымдық-функциялық теория

1-тарауда  айтылгандай,  қүрылымдық-функциялық  теория  қоғам- 

ның  бөліктері  дене  мүшелері  сияқты  бірлесе  жұмыс  істейді деп бол- 

жайды.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  девианттылық  белгілі  бір  шекке де- 

йін  қоғам  үшін  пайдалы  болуы  мүмкін.  Көкгемгі демалысты  ойлап 

көріңізші:  наурыз  айында  жұмыстан  үзіліс  алсаңыз,  мамыр  айын- 

дағы  қорытынды  емтихандарға  дайындалу  үшін  көбірек  күш-жігер 

жинайсыз.  Сонымен  бірге  құрылымдық  функцияшылдар  пікірінше, 

девианттылық қоғамды қажетті, сатылы әлеуметтік өзгерістерге итер- 

мелеп  отырады.  Алайда  девианттылық  шектен  шығып  кетсе,  қоғам 

үшін дисфункциялы (бүлдіргіш) рөл атқарады.

Бұл  тұжырымды  девианттылыққа  қатысты,  алдымен  Эмиль 

Дюркгейм  қолданған.  Дюркгейм  кішігірім  девианттылықтың  ар- 

тықшылықтарын  мойындағанымен,  қазіргі  қоғамдағы  дисфункция­

лы  девианттылықтың  себептерін  талдаған  маңызды  зерттеулерінің 

бірінде  жиілеп  кеткен  суицидті  қарастырған  (Durkheim  [1897]  1951). 

Ол дәстүрлі қоғамдарда ережелер әдетте жақсы танымал болып, кеңі- 

нен қолдау тауып отырған дейді.  Қоғамның ауқымы  өсіп, түрлері кө- 

бейіп,  әлеуметтік өзгеріс жылдамдаған сайын қоғам нормалары пай- 

далануға жарамай, түсініксіз бола  бастады. Дюркгейм  бүл жағдайды 

аномия деп этап, қазіргі замандағы суицидтің басты себебі сол деген 

түжырым жасады.

Ең  бастысы  -   Дюркгейм  де,  одан  кейінгі  қүрылымдық  функ­

цияшылдар  да  девианттылықты  жеке  адамньщ  ауытқуы  емес, 

әлеуметтік  мәселе  ретінде  сипаттады,  яғни,  «Бүл  -   жеке  адамның 

емес,  әлеуметтік  құрылымның  проблемасы»,  -   деді  олар.  Сондық- 

тан девианттылық  проблемасын  шешу үшін  жеке  адамды түзетуге 

тырысудың  орнына  қоғамдық  дисфункциялықты  жою  керек  деген 

пікір айтты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет