Символдық интеракционизм
теориялары
Символдық интеракционизм теориясы бойынша, девианттылық
басқалармен әрекеттесудің нәтижесінде беріледі, соның салдарынан
адамдар өздерінің девиантты болмысын қалыптастырады. Девиант-
тылық үлкен қоғамдық құрылымнан емес, бетпе-бет өзара әрекеттер-
дің нәтижесінде қалыптасады деп саналады. Бүл
д и ф ф е р е н ц и а л д ы қ ас
с о ц и а ц и я
теориясы,
т а р т ы н у
теориясы және
a m т а ң у
теориясы деген
үш түрлі формада болады.
Дифференциалды ассоциация теориясы
Зерттеушілердің пікірінше, девианттылыққа бейім досы бар адамдар-
дың өздері де көбінесе девиантты болады (Haynie & Osgood, 2005). Ең
алгаш Эдвин Сазерленд үсынған (1974) дифференциалды ассоциация
теориясы адамдар девианттылықты басқалармен ықпалдасу арқылы
үйренеді деп түсіндірді (Pratt et aL, 2010).
Дифференциалды ассоциация неліктен ереже бұзуға итермелей-
ді? Бір қызығы, адамдарды әлеуметтік нормаларды ұстануға немесе
бұзуға бірдей механизмдер үйретеді. Егер біз негізінен конформис-
термен аралассақ, онда әлеуметтік нормалардың стандартты жиын-
тығын үйренеміз («ұрлық жасама», «әйеліңнің көзіне шөп салма» де
ген сияқты). Ал егер, көбіне ереже бұзушылармен қарым-қатынаста
|