«Девиант» атыныңтаңылуыныңтүсіндірмесі
Ат таңу теориясы іс-әрекетке «девиант» деген аттың қалай таңылаты-
нын түсіну үшін қажет. Бұл теория өкілдерінің көбі девианттылыққа
баға бергенде, конфликтологиялық пікірді ұстанады. Олардың ай-
туынша, кейбір топтар өз билігі мен мәртебесін арттыру мақсатында
басқалардың іс-әрекетін «бүзақылық» деп айыптауға тырысады. Кәсіп-
керлердің жаңа бизнес үшін өз идеяларын сатқаны сияқты, топтар да
өздерінің кімді «девиантты» деп атауға болатынына қатысты мораль-
дық идеяларын «сатуға» тырысады. Сондықтан әлеуметтанушылар де-
вианттылықтың жаңа анықтамаларын қалыптастыруға тырысатын
адамдарды моральдық кәсіпкер деп атайды. Әдетте топтың ықпалы
неғұрлым жоғары болса, олардың басқаларды «девиант» деп атау әре-
кеті соғұрлым сәтті болады. Ат таңу теориясын қолдаушылар неліктен
жоғары таптағы девианттылықтан гөрі төменгі таптағы девиантты-
лық адамгершілікке жат, қатыгездік немесе қылмыс деп есептелетінін
түсіндіреді.
Бірақ топтар өздерін «девиант» деп атағандарға қарсы күресуі мүм-
кін. Мысалы, «Ата-аналардың телевидение кеңесі» (АТК) - өздерінің
консервативтік мораліне нүқсан келтіретін телевизиялық шоу бағ-
дарламаларға қарсы әрекет ететін коммерциялық емес ұйым. Олардың
жұмысы «Дүниежүзілік күрес федерациясына» (қазір «Дүниежүзілік
күрес сауық кеші» деп аталады) қарсы бағытталған. АТК бұл ұйымды
зорлық-зомбылық пен жүгенсіз жыныстық қатынасты насихаттағаны
үшін сынға алған (Lowney, 2003). Бұған ұйым екі жолмен жауап берді.
Алдымен 2000 жылдың ортасынан 2001 жылдың басына дейін «Цен
зура құқығы» деп аталатын күрес командасын құрып, әзіл-оспақпен
шабуыл жасады. Олар күрес кезінде ережені өрескел бүзып, АТК-ның
моральдық қүндылықтарын насихаттаған сыңай танытты. Екіншіден,
олар жала жапқаны үшін АТК-ні сотқа берді. Ұйым осы стратегиялар-
дың екеуінде де өзінің қоғамдық келбетін қоргап, жұртшылықтың көз
алдында АТК-нің «девиантты» деп ат қоюға бағытталған әрекеттерін
тойтарып тастады.
Достарыңызбен бөлісу: |