Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет333/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   870
Қррқытып-үркіту теориясы

Дифференциалды  ассоциация  теориясы  девианттылықты  қол- 

дайтын  топтар  мен  орталарда  ғана  девианттылықты  түсіндіріп 

бере  алады.  Ал  қорқытып-үркіту  теориясы  девианттылықты  мү- 

нан кең ауқымда түсіндіреді.  Бұл теорияның айтуынш а,  адамдар 

конформизмнен  гөрі  девианттылы қ  көбірек  пайда  келтіреді  әрі 

девианттылықтың қатері мен залалы әлдеқайда аз деп сенгендік- 

тен ереже бұзуға  барады.

Тартыну  теориясы  құрылымдық-функциялық  және  символ- 

дық интеракционизм теориясының элементтерін  біріктіреді. Деви- 

анттылықты ынталандыру және жазалау жүйесінің лайықсыздығы 

(дисфункциялығы)  үшін  кінәлайды.  Алайда  адамдардың  девиант- 

тылыққа  барар алдында  оның зияны мен пайдасын асықпай тараз- 

ылайтынын  да  айтады  (McCarthy,  2002;  Jacobs,  2010;  Pratt  және  т.б., 

2006). Яғни символдық интеракционизмнің басқа теориялары сияқ- 

ты, бұл  теория да  өздерін қоршаған  ортаның  мән-мағынасын  айна- 

ласындағылармен әрекетке түсу арқылы түсінеді.

Тартыну  теориясының  айтуынша,  әлеуметтік  құрылымдар 

конформизм  үшін  лайықты  сыйақы  бермеген  жағдайда  адамдар 

девианттылықты  таңдауы  мүмкін.  Мәселен,  ешқандай  болаша- 

гы  жоқ  жұмыста  істейтіндер  әсіресе  оны  тұтқындау  я  әлеуметтік 

түрғыдан  айыптау ықтималдығы төмен  болса,  «ұрлық жасасам не 

арақты салынып ішсем жоғалтатыным шамалы, ал табатыным көп» 

деп ойлайды (Uggen, 2000; Sampson & Laub, 2005; McCarthy, 2002).  Сон- 

дықтан  2011  жылы  Англияның  түкпір-түкпірінде  үйлерді  тонап, 

қиратып, өрт қою оқиғалары көбейгенде, ғалымдар жастардың (әсі- 

ресе азшылық өкілдерінің)  арасында  «бұл жүйе  бізге  қарсы»  деген 

пікір орнығып қалған деген ой білдірді (Kulish, 2011). Ал, керісінше, 

ата-аналарымен тығыз байланыста болып, мектепте жақсы оқыған, 

өздерін  сол  мектептің  бір  бөлігі  ретінде  сезінген  және  жақсы  жұ- 

мыс  істеп  жүрміз  (жақсы  жұмысқа  тұрамыз)  деп  сенген  адамдар- 

дың девианттылыққа  баруы  екіталай,  себебі  олардың бұдан жоғал- 

татыны көп (Haynie & Osgood, 2005).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет