6-ТА РАУ
Мүліктік қылмыстар және
зорлық-зомбылық
Федералдық үкімет ірі қылмыстар үшін полицияға белгілі қылмыс-
тық оқиғалардың саныы жинақтайтын «Бірыңғай қылмыстық есепті»
(БҚЕ) жыл сайын жариялайды (2010 жыл, Федералдық бюро). 6.1-сыз-
бада 1980 жылдан бергі мүліктік қылмыстар (тонау сияқты) саны-
ның динамикасы көрсетілген. 1980 жылдан бері жылжымайтын
мүлік қылмыстарының саны біршама азайған, АҚШ-тағы кедейлік-
тің артуына қарамастан, қылмыстың азаюы әлі де жалғасып келеді
(АҚШ Әділет министрлігі, 2010 ж.). Мұның себептері туралы пікірлер
алуан түрлі. Сарапшылардың көпшілігі қылмысты, көбінесе жастар
жасайтынын, ал жастардың саны жылдан-жылға азайып бара жатқа-
нын айтады. Қылмыстың азаюының бір себебі - осы.
6.1-сызбада көрсетілгендей, қазіргі кездегі экономикалық құлды-
рауға қарамастан, зорлық-зомбылық қылмыстары (мысалы кісі өлтіру
және зорлау), әлдеқайда төмендеген және бұл әлі де жалғасып отыр.
Алайда басқа бақуатты демократиялық елдерге қарағанда, АҚШ-
та кісі өлтіру әлі де көп. Мысалы, АҚШ-та бүл көрсеткіш Ұлыбрита-
ниядан 5 есе, Германиядан 10 есе жоғары (Біріккен Ұлттар Ұйымының
Есірткі және қылмыс басқармасы, 2011). Бүл айырмашылықтың себеп-
тері әзірге түсініксіз, бірақ қару-жараққа қолжетімділік, тұрғындар
ішіндегі жас жігіттердің саны және үкіметтік мекемелерге сенімсіздік
бұл проблеманы шиеленістіре түсуі мүмкін (Roth 2009). 6.1-картада
көрсетілгендей, кісі өлтіру көрсеткіші АҚШ-қа қарағанда басқа көп
елде әлдеқайда жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |