Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет366/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   870
Әлеуметтік таптыңнақты өлшемдері

Маркс және Вебер таптықжүйелерге түсінік беретін тұжырымдамалар 

қалдырды. Алайда қазіргі заманғы  зерттеушілер таптарға жіктеудің 

тек теориялық  анықтамаларын  ғана  емес,  тапты  анықтайтын  прак- 

тикалық  тәсілдерді  де  керек  қылып  отыр.  Зерттеушілердің  көпшілі- 

гі қазір  Маркстың теориясындағы  тапқа  емес, әлеуметтік тапқа  баса 

назар аударады.  Әлеуметтік тап -  жік, мәртебе және  билік белгілері 

ұқсас,  өзара  теңдікті  сезінетін  адамдар  санаты  (Вебердің  пікірінше). 

Жоғарғы тап немесе қарапайым жұмысшы табы тақырыбын көтерсек

әлеуметтік тап жөнінде сөз қозғағанымыз болып шығады.

Әлеуметтік таптағы  орынды тікелей анықтаудың ең қарапайым 

әдісі -  адамдардың өздерінен қай әлеуметтік тап мүшесімін деп санай- 

тынын сұрау. 2010 жылғы жалпы әлеумегтану зерттеуінің нәтижелері 

(кездейсоқ таңдау әдісі арқылы халық арасында өткізілген кең ауқым- 

ды, танымал зерттеу) 7.2-сызбада келтірілген. Көріп отырғаныңыздай, 

аз ғана адамдар  өздерін жоғарғы және төменгі таптарға,  ал қалғанда- 

ры жұмысшы  табына  немесе  орта  тапқа  жатқызған.  Батыс Еуропада 

да  солай. Ал Шығыс  Еуропаның кедей елдерінің тұрғындары  өздерін 

төменгі тап  мүшелері деп санайды  (Evans & Kelley,  2004).  Алайда  қай 

жердің  тұрғыны  болғанына  қарамастан,  адамның  жұмысшы  табы 

мен  орта тапқа  жатуы  оның таңдауына  елеулі  ықпал  етеді. Мысалы, 

қай шіркеуге баратыны, қалай дауыс беретіні және баласына қандай 

тәрбие беретіні нақ осыған байланысты.

Әлеуметтік таптарды жіктеудегі тағы бір дәстүрлі жол бар. Бірқа- 

тар  өлшемге  сүйеніп,  мысалы,  білім  деңгейі,  мамандықтың  мәрте- 

бесі, табыс көлемі немесе басқа да әлеуметтік-экономикалық мәртебе 

сияқты  құрамдас  сипаттар  арқылы  анықтау.  Әлеуметтік-экономи- 

калық мәртебе  адамдардың таптық  орнын  өзі  белгілеуі  арқылы  өл- 

шенбейді.  Керісінше,  адамдардың мектеп бітірген жылы,  отбасылық 

табысы  немесе  беделді жұмыспен қамтылуы  сияқты  өлшемдерін (ха- 

лықтық  сауалнамада)  белгілеу  арқылы,  халықгың  жағдайына  баға



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет