Вебер: тап, мәртебе және билік
Маркстың жазбалары жарық көргеніне ондаған жылдар өткен соң,
Макс Вебер (1864-1920) таптарға жіктеудің біршама кеңейтілген жүйе-
сін ұсынды. Маркс тұжырымдаған, қоғамды тапқа жіктеудің екі өл-
шемді жүйесінің орнына, Вебер стратификация жүйесін адамдардың
орнын анықтайтын үш тәуелсіз өлшеммен толықтырды (7.1-сызба).
Олардың біреуі - Маркс мәлім еткен тап өлшемі. Екіншісі - билік, ал
үшіншісі - әлеуметтік беделді немесе әлеуметтік ерекшелікті біл-
діретін мәртебе. Оның айтуынша, мәртебесі тең адамдар өз қоғамдас-
тықтарын құрады. Олардың ортақ белгілері бар, сондай-ақ мүдделері,
құндылық бағдарлары ұқсас болғандықтан, бірін-бірі жиі асқа шақы-
рады, бір-бірімен тұрмыс құрады және ұқсас қарекетпен айналысады.
Вебер «жоғары мәртебе мен билікке қол жеткізудің экономикалық
негіздері бар» деген оймен келіседі. Алайда олардың әлеуметтік теңсіздік-
ке әсері тәуелсіз деген. Атап айтқанда, Вебердің пікірінше, мәртебе эко-
номикалық билікке жиі қарама-қайшы келіп, «тек қана» байлығы бар
СТРАТИФИКАЦИЯ
191
адамдардың талаптарына тосқауыл болады. Мэселен, мафия мүшесі
көп қаражатқа және өндіріс құралдарына (бордель, героин өндіре-
тін зауыт немесе казино) ие болса да кең қоғамдастықта абыройлы
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |