Жоғары ұтқы рлы қты түсін дір у
«Америкалық арман» идеологиясының өміршеңдігі жоғары ұгқыр-
лыққа негізделген. Ұтқырлыққа кедергі келтіретін күштердің бар
екенін ескерсек, кейбір адамдардың ата-анасының әлеуметтік тап-
тағы орнынан жоғары көгерілуін қалай түсіндіруге болады?
Әрине, ақыл, еңбекқорлық және білімділік маңызды (Isaacs,
Sawhill and Haskins, 2008). Дегенмен кедей отбасыларынан шыққан
көптеген зерек балалардың жоғары білім алуға мүмкіндігі жоқ. Ал
кейбір адамдар еңбекқор болғанымен, табыс мөлшері өте аз.
Жоғары ұтқырлық құбылысын түсінуде әлеуметтанушы Джули
Беттидің этнографиялық зерттеуінің пайдасы зор. Бетти орта тапқа
жататын мектепте тоғыз ай бойы (2003) сұхбат өткізіп, зерттеу жүр-
гізген. Оның байқауынша, көбінесе мұғалімдер мен мектеп ұжымы
оқушыларды мәртебесін көтеруге жігерлендірген: орта буын оқу-
шылары алдыңгы қатарлы сыныптарға көшіп, оқу жетістіктері атап
өтіліп, мадақгалған. Жұмысшы отбасынан шыққан оқушыларға
кәсіби даярлық дәрістеріне қатысу ұсынылған; ал аз қамтылған от
басынан шыққан оқушылар назардан тыс қалып, оларға үміт ар-
тылмаған. Осылайша, барлық әлеуметтік таптар оқушыларының аз
бөлігі нәсілдік кемсітуден, мұғалімдердің үміт артпауынан зардап
шеккен.
|