210
7-ТАРАУ
тай қалалар мен үлкен қалаларда да, жұмыс істейтіндер мен істемей-
тіндердің арасында да, толық және толық емес отбасыларда да бар. Бірақ
басқаларға қарағанда кейбір топтарға көбірек эсер етеді. Алайда кедей
ақ америкалықтардың саны көп; жоқшылық афроамерикалықтар мен
латынамерикалықтарға ортақ. Оған қоса, 7.2-кестеде көрсетілгендей,
кедейлікке жастар, азаматтығы жоқ адамдар және толық емес отбасы-
лар жиірек душар болады (U.S. Bureau of the Census, 2011).
Кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан адамдар күнделікті ауыр
күйзеліс үстінде. Балалары тоя тамақ ішпейді, ата-аналары мүлде аш,
өсе келе балаларға киім табу олар үшін мұңға айналады. Уайымы көп,
шешімі жоқ болған соң, кәдімгі салқын тиюден ауруға шалдықса да,
дәрігерге қаралуға шамасы жетпейді.
Жоқшылықта күн кешкен кедейлерде үй деп атайтын баспана да
болмайды. 2008 жылы 3.5 миллион америкалық, оның 40%-ға жуы-
ғы балалар, баспанасыз болған (National Coalition for the Homeless, 2008).
7.2-KECTE.
Достарыңызбен бөлісу: