Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет399/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   870
Кедейліктің себептері

Осы тараудың басында макро және микродеңгейлі әлеуметтік фактор- 

лар туралы айтып өткенбіз. Кедейліктің себептері осындай ірі процес- 

терде  жиі  кездеседі.  Біреулер  кедейлікті  микродеңгейде  «кедейлік 

санасы»  арқылы  түсіндіруге  болады  деп  есептейді;  ал  өзгелер  кедей- 

лікті парапар  мүмкіндіктердің жетіспеушілігі  арқылы  макродеңгей- 

де түсіндірген жөн деп санайды.

Кедейлік сана-сезім

Кедейлік  сана-сезім  теориясы  -   кедей  адамдар  ұстанатын  құн- 

дылықтар  жүйесі.  Үнемдеу,  тұрмыс  қүру,  болашаққа  қор  жинақтау, 

ерінбей  еңбек  ету  тәрізді  ізгі  мұраттарды  көздемей,  өмірдщ  қазір- 

гі  сәтін  бағалап,  бір  күндік  өмір  сүрумен  шектелуді  «кедейлік  сана» 

деп  анықтайды  (Lewis,  1969)  Олар  қаншалықты  ауыр  еңбек  етсе  де 

жетістікке  жетпейтінін  түсініп,  ертеңін  ойламаи,  «бір  күніне  мәз» 

болуды жөн көреді. Бұл теория бойынша кейбіреулер (әсіресе азшылық 

арасындағы еркектер) баршылыққа қарсы мәдениетті үстанады. Олар 

«жұмыс, білім,  неке -  орта таптың,  яғни  өздері жек көретін  ақ нәсіл- 

ділер мәдениетінің белгілері» деп санайды (Mide, 1992).

I  Біз кедеилікті азшылықтоптармен 

■  баиланыстырамыз, бірақ кедеилікте 

өмір сүретіндердің көбі -  ақ 

америкалықтар

Кедейлер шоғырланған өңір -

халықтың басым бөлігін кедейлер 

құрайтын аудандар.

Кедейлік сана-сезім -  бір күндік 

өмір сүруді бағалаумен шектелу




212

7-ТАРА У

Кедейлік шегіндегі топтар -

баспанасы бар және кедейліктің 

ресми федералдық деңгейінен 

екі есеге дейін жоғары ақша 

табатындар.

Кедейлік  мәселесін  шешуге  арнап  отыз  жыл  бойы  жүргізілген 

жан-жақты  зерттеулер  нәтижесінде  «кедейлікке жетелейтін -  кедей- 

лік  сана-сезім»  деген  пікірге  аз  ғана  дәлел  табылды  (Corcoran,  1995; 

Small and Newman).

Зерттеушілердің айтуынша, кедей адамдар орта тагі өкілдеріндей, 

жұмыс,  білім және тұрмыс құру құндылықтарына көп мән  бермейді. 

Сондай-ақ  олар  жасөспірім  қыздардың  жүкті  болуы,  кең  тараған  са- 

уатсыздық  және  жұмыссыздық  -   кедейлікке  ұшырататын  себептер 

емес, керісінше,  кедейліктің салдары деп пайымдайды (Edin&Kefalas, 

2006; Newman & Massengill, 2006; Harris, 2011).

Жаңа  зерттеулердің  болжауынша,  кедейлікті  жою  үшін  мәде- 

ни  қүндылықтар  мен қоғамдық құрылымдар  бірлесе  (Small,  Harding 

&  Lamont,  2010)  ықпал  етуі  керек.  Сондай-ақ егер  жеке  табыс  деңгей- 

іне  қарамастан,  көршілік  құрылымда  адамдар  өзара  қарым-қатынас 

құруға  талпынса  (мысалы,  мектептер  үнемі  ата-аналарға  арналған 

іс-шаралар ұйымдастырса), көршілер бір-біріне көмектесіп, топтасқан 

бұзақылар  мен граффити  бейнелеушілері сияқтылардың т.б.  істеріне 

қарсы наразылығын  ашық білдіруге дайын  болатын еді (Small,  2009). 

Мүндай мәдени және құрылымдық өзгерістер жастарға білім алу, жұ- 

мысқа  орналасу,  тұрмыс  құру және  кедейлікті  жеңу тұрғысынан  ба- 

рынша ықпалын тигізуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет