Өзгермелі жұмыс нарығы
Кедейлік сана теориясы кедейлерді өз жағдайына қанағат ететіні үшін
жасырын түрде айыптайды. Бұл теорияның сыншылары микродеңгей-
дегі процестер негізінде кедейлікті түсіндіруге болмайды деп есептейді.
Олар ең дұрысы, «біз өзгеріс үстіндегі еңбек нарығына баса назар ауда-
руымыз керек» дейді. Егер еңбекақысы жогары жүмыс орындары болмаса,
адамдардың неліктен кедей екенін түсіну үшін психоанализ жасаудың
қажеті жоқ.
Қазіргі замандағы кедейлік құбылысын тануда, өзгермелі еңбек
нарығының орны белек. XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында
ауыл шаруашылығынан өнеркәсіптік қоғамға көшу көптеген адам-
дарға әлеуметтік сатымен жогарылауға мүмкіндік берді. Алайда соң-
ғы онжылдықта АҚШ-тағы деиндустриализация барысында білімі
төмен адамдарға жоғары еңбекақы төленген біраз жұмыс орындары
жойылды (Newman, 1999a, 1999b; Newman & Chen, 2008). Кезінде ата-
аналар мен ата-әжелеріміз істеген жақсы кәсіподақтық жұмыстардың
есесіне бүгінгі мектеп түлектері мен университет бітірушілер ецбек-
ақысы төмен, жеңілдіктер қарастырылмаған, кәсіби дамуға және ке-
дейліктен арылуға мүмкіндік бермейтін жұмыстарда істеуге мәжбүр.
Қысқаша айтқанда, кедейліктің басты себебі - жақсы жұмыс орында-
рының жеткіліксіз болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |