Әлеуметтік тап және қоғамдық
саясат
Көптеген америкалықтардың айтуынша, бәсекелестік әділ болса, таптар
нәтиженің теңсіз болуымен келісуге дайын. «Үстемдіктердің әділетсіз
болмауын қалай қамтамасыз ету керек?», - деген сұрақ туындайды. Сая-
сатшылар, қоғам белсенділері мен әлеуметтанушылар теңдікті нығайту-
ға бағытталған әртүрлі тәсілдерді ұсынады. Олардың негізгі екеуі - әділ
еңбекақы қозғалысы және білім алу мүмкіндіктерін арттыру.
Лайықты еңбекақы талап ету
қозгалыстары
Табыс теңдігін көтермелеудің бірден-бір жолы - әлеуметтік жүйенің
төменгі топтағыларыиың табыс мөлшерін көбейту. XIX ғасырдан бері
кәсіподақтар америкалық жұмысшылардың еңбекақы мөлшерін
көбейтуге тырысты (Lichtenstein, 2003). Кәсіподақтардыц лайықты
еңбекақыға қол жеткізу мақсатында қойған талаптарын жұмыс бе-
рушілердің қабылдауы үшін бойкоттар, ереуілдер және ұжымдық
келіссөздер сияқты тактикалар қолданылды. Кәсіподақтар XX ғасыр-
СТРАТИФИКАЦИЯ
217
Достарыңызбен бөлісу: |