СТРАТИФИКАЦИЯ
215
жүмысшы табындағы отбасыларды бір сәтте-ақ кедейлікке ұшыра-
туы ықтимал (Newman, 1999a).
Болашақтың бүлдырлығы мен экономикалық сенімсіздік салда-
рынан жұмысшы табының мүшелері басқаларға қарағанда қауіпсіз-
дікті жоғары бағалайды. Әдетте орташа және жоғарғы тап өкілдері
өздерінің еркіндігі мен басқару мүмкіндігін ескеріп, жұмысты таң-
дайтын болса жұмысшы табындағы адамдар өз таңдауын сенімсіздік,
күмән және қорқыныш арқылы жасайды (Schwartz, Markus & Snibbe,
2006). Мысалы, орта таптағы америкалықтар рок-музыканы және
жеке еркіндікті көтеретін әндерді ұнатса, жүмысшы табындагы аме-
рикалықтар көбіне «таңдау жасау қауіпті» деп ескертетін кантри му-
зыкасын (Джордж Джонс: «Мен өзім жасаған таңдауларыммен бірге
өмір сүріп, өлемін») тыңдайды. Адамдардың жеке музыкалық талға-
мы мен олардың әлеуметтік таптық байланысы әрі қарай «БАҚ және
мәдениет: Музыка мен әлеуметтік таптар арасындағы байланыс» та-
рауында қарастырылады.
Орта тап
Орта тап үлкен және түрлі топтардан тұрады және шамамен халықтың
30-40%-ын құрайды. Орта топтағы көпшіліктің жоғары білімі немесе
орта кәсіптік білімі болғанымен, еңбекақысы жұмысшы тап өкілдері-
нің ақысынан төмен болуы мүмкін. Шкаланың қарама-қарсы жағында
кейбіреулер жылына $200 000-нан астам табыс табады, сөйтіп, америка-
лықтардың ең бай 5%-ының қатарына кіреді (АҚШ Санақ бюросы, 2011).
Алайда бүлар әлі де орта тапқа жатады деп саналады. Ал егер отбасы мү-
шесі бірнеше ай жұмысқа шыға алмаса, ипотекалық төлемге байланыс-
ты жағдайы қиындайды. Сонымен олардың ағымдағы табысы жогары
болса да, байлығы - инвестициялары, жинақтаған қоры және акгивтері
оңай сатылса да, қарыздарынан құтыла алмайды.
Орта тап мүшелерінің табысы жоғары немесе томен болғанына
қарамастан, олар жұмыс орнының қауіпсіздігіне баса назар аудара-
ды және жұмысшы табына қарағанда қызметте өсуге мүмкіндіктері
көбірек болады. Орта тапқа жататын қызметкерлер әдетте медици-
налық сақтандыру және науқастануға байланысты демалыс секілді
маңызды жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Бірақ ондай жеңілдік-
тер саны соңғы 20 жылда азайып кетті.
Орта таптың мәдениеті жоғарғы таппен жұмысшы табы мәдениеті-
нен ерекше. Жұмысшы табындағы адамдармен салысгырғанда, орта тап-
тағы адамдар үйлерін діни иконалармен толтырмайды немесе боулинг
командасының мүшесі болмайды, олар білімді және жыныстар арасын-
дағы тең құқықтылықты бағалайды. Ал жоғары таптағы адамдармен
салыстырғанда үйлерін заманауи өнер туындыларымен безендірмейді,
гольф лигаларына мүше болмайды (Halle, 1993). Сонымен қатар жұмысшы
табындагы ата-ана балаларынан айтқандарына бағынуды және оңаша кө-
ңіл көтеруін күтсе, орта таптағы ата-аналар балаларымен бірге көңіл коте-
pin, өздеріне бағынудың маңыздылығын түсіндіреді (Lareau, 2003).
Жоғарғы тап
Жоғарғы тап халықтың шамамен 1%-ын құрайтын екі топтан тұрады.
Біріншісі - отбасыларының табысы мен мәртебесі ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп келген адамдар. Бүл адамдар Жаңа Англиядағы кішігірім
Andover, Exeter және Choate сияқты дайындық мектептерінде оқыған
(Higley, 1995). Бұл мектептердің көптеген түлектері Гарвард, Йель және
|