көрсету арқылы азшылық топты көпшіліктен айыру, оқшаулау.
НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
235
жерге көшуді жоспарласа пәтер иелері пәтерді жалға беруден бас тар-
тады. Оған қоса жылжымайтын мүлік агенттіктері олардың телефон
қоңыраулары мен хабарламаларына мән бермейді. Ал басқа орынға
көшіп-қонуы сәтті өткен күнде де жаңа көршілері үйлерінің қабырға-
сына нәсілдік кемсіту сөздер жазып, жағымсыз суреттер салуы мүмкін.
Тіпті оларға қарсы небір жауыздықтар жасалуы таңғаларлық емес.
Тұрғын үйге қатысты дискриминациялау (азшылық топтарға пә-
терді жалға бермеу немесе олар шалған қоңырауды елемеу) 1960 жылы
заңсыз деп жарияланды. Алайда сегрегация басты екі себепке байла-
нысты әлі де орын алып огыр. Бұл себептер - нәсілдік/этностық және
ұлттық топтардың экономикалық айырмашылықтары мен сол топ-
тарға деген теріс көзқарас (Icelond & Wilkes 2000).
Эрине, экономикалық айырмашылық маңызды рөл атқарады.
Табысы төмен азшылық топтар тіпті өз топ мүшелерінің ауқаттыла-
рынан бөлек шеттетіліп өмір сүруі мүмкін. Бүл азшылық топтардың
әлеуметтік жағдайы оңалса, сегрегация азаятынын көрсетеді.
Бірақ сегрегацияның негізінде тек қана экономикалық айырма-
шылықтар жатқан жоқ. Бір жағынан, өсіп келе жатқан әлеуметтік
тап- азшылықтың оқшауландырылған ауданда тұру мүмкіндіктерін
жақсартып жатса да афроамерикалықтар мен латынамерикалықтар
арасында мұндай жағдай сирек кездеседі. Сол сияқты тіпті афроаме-
рикалық білім алып, жетістікке жетіп, басқа қалаға көшкен күнде де
олар «ақ» америкалықтармен салыстырғанда жайсыз аудандарда өмір
сүреді. Бүған ең басты себеп -табыс көлемі басқалармен бірдей болға-
нына қарамастан, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің афроамери-
калықтарға жақсы-жайлы үй көрсетуі сирек кездеседі. Оларға ипоте-
калық кредит бермеуі мүмкін және болашақ көршілері тарапынан
наразылық білдірілуі ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: