Д и с к р и м и н а ц и я .
Ерлер мен әйелдердің кәсіби даярлық жағынан
өзгешелігі болса да кәсіптік айырмашылықтардың үлкен бөлігі
жұмыс берушілер тарапынан байқалатын дискриминацияға бай-
ланысты (Hesse-Biber & Carter, 2000). Жұмыс берушілер еркектерге
арналған кейбір жұмыс орындарын сақтап отырады, себебі әйелдер
арасында өзін гендерлік-рөлдік стереотиптерге негіздейтіндер бо-
лады. Осының нәтижесінде, әйелдер менеджер емес, дукеннің мең-
герушісі емес, медбике немесе қарапайым сатушы болып қалады.
Жұмыс берушілер тарапынан болатын дискриминация балалары
бар әйелдерге ерекше болуы мүмкін. Олардың ойынша, балалы
әйел өз міндеттерін басқа қызметкерлер сияқты атқара алмайды
(Benard & Correll, 2010).
|