Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет612/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   870
Конфликт теориясы: білім және 

теңсіздіктің таралуы

Конфликтология  теорияшылары  құрылымдық-функцоналистердің 

білім саласы мәдениетті қалыптастырады,  студенттерді сұрыптайды 

және  жастарды  әлеуметтендіреді  деген  пікірімен  келіседі,  бірақ  бұл 

функцияларды жан-жақгы қарастырады. Конфликтология теорияшы­

лары мектептің қалыптасқан жағдайды нығайтып, теңсіздікті сақтап 

қалатынына мән береді.

22-251



338

12-ТАРАУ

Астыртын оқу жоспары жастарды 

мойынсұнушылық пен сәйкестікте 

әлеуметтендіреді.

Б іл ім   -  ка п и та л и зм  қу р а л ы

Кейбір  конфликтология  теорияшыларының  тұжырымы  бойынша 

мемлекеттік  мектептердің  негізгі  көздегені  -   басқарушы  таптың 

пайдасы.  Бұл  теорияшылар  мектепте  оқытылатын  мәдени  ойдың 

негізінде  ж атқан  асты рты н  бағдарлам а  бар  деп  санайды.  Мем- 

лекеттік  мектептердегі  мұндай  багдарламаға  өз  кезегін  күтуді, 

ережелерді  сақтауды,  ұқыпты  болуды,  сыйластық  көрсетуді  және 

артық  сұрақ  қоймауды  үйрету  жатады.  Бүл  дағдылардың  барлы- 

ғы  балаларды  жұмысшы  табының  өкілі  болуға  даярлайды  (Gatto, 

2002).  Ал  таңдаулы  жеке  мектептегі  оқу  бағдарламасы  балаларды 

шығармашылыққа және сыни ойлауға, сол сияқты олардың артық- 

шылыққа  лайық  екендігіне  үйретеді.  Конфликтология теорияшы- 

лары жеке және мемлекеттік мектептер дифференциалды жетістік 

негізінде жастарды  әртүрлі марапат күтуге,  яғни  осылайша -  жас­

тарды теңсіздікті қалыпты деп қабылдауға үйретеді деп  есептейді 

(Kozol, 2005).

Б іл ім   -  м ә д е н и е т қу р а л ы

Конфликтология  теорияшыларының  тұжырымдауынша,  оқу  және 

жазу  дағдыларымен  қатар,  балалар  басым  мәдениеттің  ықпалы- 

мен  сол  көзқарасқа  негізделген  тарихты  және  мәдениетті  оқиды 

(Spring,  2004).  Мысалы,  АҚШ  тарихында  «Үнді  соғысы»  сипаттала- 

ды,  бірақ  байырғы  америкалықтардың  соғыстары жайлы  аз  айты- 

лады. Сол сияқты XIX ғасырдың аяғында АҚШ-та қытайларға қарсы 

зорлық  көрсетілгені  және  II  Дүниежүзілік  соғыс  кезінде  америка- 

лықтардың  жапондықтарды  лагерьге  айдағаны  туралы  еш  жерде 

жазылмайды.  Тіпті  өнер  мен  музыка  сабақтарында  Латын  Амери- 

касы  мен  Азия  мәдениеті  еленбейді  және  афроамерикалықтардың 

мәдениетті дамыту үшін қосқан үлесі туралы айтылмайды.

Б іл ім  -  а д а м н ы ң м ә р т е б е с ін  а й қ ы н д а у ш ы

Халыққа тегін  білім  берудегі мақсаттың  бірі -  адамдардың  габысты 

болуына жағдай жасау.  Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілеті- 

нің арқасында  биік шыңға  көтеріле  алады.  Себебі жұмыс беруші, ең 

алдымен, ата-анаңыздың кім екенін сұрамайды,  оларға  керегі - қай 

оқу  орнын  аяқтағаныңыз.  Ал  колледж  қызметкерлері  біліктілік- 

ті  арттыру  (Advanced  Placement)  курсынан  қанша  марте  өткеніңізді 

және  халықаралық  бакалавриат деңгейіндегі  жоғары  біліміңіз  бар- 

жоғын  сұрайды  (Sacks,  2007).  (Егер  кедей  отбасыдан  шығып,  кедей- 

лерге  арналған жоғарғы  мектепке  барсаңыз, мұндай  бағдарламалар 

жайлы  естімеуіңіз  де  мүмкін).  Алайда  конфликтология  теорияшы- 

ларының тұжырымдауынша, адамдарды  алған  біліміне  қарай  баға- 

лау, ата-анасына қарап бағалаудан эгалитарлы (теңдік) емес (Beaver, 

2009). Бақуатты отбасыдан шыққан адамдар жақсы білім ала алады. 

Мысалы,  қаржылай  көмек  үшін  өтініш  жазған  Гарвард  студентінің 

отбасылық оргаша табысы 150 000 $ шамасында (Leonhardt, 2004). Ал 

білім  алушылардың  жеке  мәліметтеріне  мән  беру  «жағымсыз»  сту- 

денттерден сақтану үшін қажет.

Конфликтология  теорияшыларының  тұжырымдауынша,  білім 

туралы куәлікті көзбояушылық деуге болады. Қызметке орналасып, 

еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік,  шын мәнісінде, нэ- 

сілдік,  жыныстық  және  қай  әлеуметтік  таптан  шыққанына  байла- 

нысты  дискриминациядан  қорғай  алмайды  (Brown,  2001).  Нәсілге 

негізделген  теріс  түсінікке  қатысты  «нәсілшілдік»  термині  қолда-






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет