Құрылымдық-функциялық теория:
білім функциялары
Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау
үшін құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байла-
нысты. Қүрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім
беру жүйесі көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған.
Білім саласы функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру,
жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және біртіндеп жақсы
жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету.
О қ ы т у ж ә н е б іл ім беру
Мектептің айқын мақсаты - білім беру мен дағдыны қалыптас-
тыру. Мектепте оқуға, жазуға және санауға уйренеміз. Тәуелсіз-
дік жолындағы Америка соғысының себебін түсініп, жасушаның
құрылымын зерттейміз. Осылайша, мектеп әр үрпақтың өкілдері
қоғамның үздіксіз тіршілігі үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне
кепіл болады.
Ә леум етте ну
Мектеп жастарды заман ағымына лайықты әлеумеггендіру арқылы
қоғамның мейлінше қалыпгы қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар
тәртіпке, тіл алғыштыққа, ауызбірлікке және ұқыптылыққа ерекше
мән береді. Сонымен қатар мектеп оқушыларды өз мәдениетіне сай
ойлауға, дәстүрді қүрметтеуге және ережелерді үстануға үйретеді.
АҚШ мектебінде ағылшын тілінде оқып, жазуды үйренеміз. «Аза-
|