Нәсіл, тап және гендер проблемаларына ерекше назар аудару.
«Әлеуметтану негіздері» оқулығы нәсіл, тап және гендер проблемала
рына баса мән береді. Бұл тақырыптардың әрқайсысына белек тарау
арнадық, әрі бұл жайттар «Америкадағы әралуандық секцияларында,
басқа да бөлімдерде кеңінен талқыланады.
Ғаламдық проблемалар. «Әлеуметтану негіздерінің» бұл басылы-
мында да басты ғаламдық проблемаларға кеңінен орын берілді. Мұны
әсіресе «Ғаламдық проблемаларға көзқарас» деген таблицалардан, ға-
ламдық стратификация, әлемдегі денсаулық сақтаудың жайы туралы
бөлімдердегі әлемдік діндер, ана өлімі проблемалары жөніндегі карта-
лардан, әр бөлімдегі тақырыптық зерттеулерден және таблицалардан
байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |