32
1-ТА РА У
Әлеуметтану дегеніміз не?
Әлеуметтік өмір туралы білгіміз келгенде ең алдымен, көпшілігімізді
қызықтыратыны жеке тұлғалар туралы мына сияқты сауалдардың
жауабы: «Тереза неге өзін сыйламайтын ер адамдармен араласа бе-
реді?», «Майк неге ауруға шалдыққанға дейін ішуді тоқтатпайды?»,
«Spice Girls тобы кейбіреулерге неге ұнайды?». Көп жылдан бері білетін
адамдарымыз үйленгенде немесе жұмыс орындарын өзгерткенде ай-
тарлықтай өзгеретініне таңғаламыз.
Егер Тереза әлемдегі жар таңдай алмайтын жалғыз әйел болса,
ал Майк ішкілікке салынған жалғыз еркек болса, онда олардың мі-
нез-құлқын жеке басының ерекшелігіне қарап түсінуге тырысар едік.
Алайда өзгелермен қарым-қатынасы сәтсіз болып, маскүнемдікке ұшы-
рап жататындар жиі кездеседі. Біз, сондай-ақ ерлермен салыстырғанда
әйелдердің қарым-қатынасты сақгау үшін өз мүдделерінен көбірек бас
тартатынын, ал еркектер басына қиын іс түссе араққа салынатынын да
білеміз. Тереза мен Майкты түсіну үшін олардың жағдайын кеңінен қа-
растыру қажет, яғни кейбір топтарды басқалардан өзгеше әрекет жасауға
итермелейтін себептерді зерттеуіміз керек.
Тіпті одан да кеңірек ауқымда қоғамның адамдарға қалай эсер
ететінін зерттеу керек болады. Қоғам - қауымдастық пен ұлтты не
месе географиялық аумақты, экономикалық, мәдени және саяси бай-
ланыстарды және жеке мінез-құлық пен өзара әрекеттесуге қатысты
сенімдерді тоғыстыратын, үзақ уақыт өмір сүретін үлкен топтастық.
Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді
және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Ғылымның бұл саласы
Терезаның, Майктың, басқалардың да басына түсуі ықтимал өмірдегі
жағдайларға баса назар аударады.
Қоғам - тұрақты қауымдастық,
ұлт немесе бір аумақтағы,
экономикалық, мәдени және саяси
байланыстарды және әлеуметтік
сенімдерді тоғыстыратын үлкен
топтастық.
Әлеуметтану - адамзат қоғамын,
әлеуметтік топтарды және
әлеуметтік өзара әрекеттерді
жүйелі түрде зерттейтін ғылым.
Әлеуметтік құрылым - белгілі бір
қоғамды құрайтын топтық қарым-
қатынастардың қайталанып
отыратын үлгілері.
Әлеуметтік қиял - жеке адам
мәселесін, негізгі әлеуметтік
құрылымдарды, аз дегенде
ішінара түсінуді көрсететін
қабілет.
Достарыңызбен бөлісу: |