Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт,
Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер
XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым
ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп
саналатын бес ғалымның - Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс,
Эмиль Дюркгейм жэне Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.
Огюст Конт (1798-1857)
Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы
Огюст Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушы
болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгіз-
ген де осы ғалым.
Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды
ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған пози
тивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей
ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіз-
деді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың
заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара
алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатыны-
мыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ға-
лымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негіз-
гі ұғымы болып қала береді.
Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі - қоғамды түсіну үшін
әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қа-
жет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік қүрылым (тәртіп) және әлеумет-
тік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар
әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.
Огюст Конт (1798-1857)
|