Q u in c e a fie r a s )
сияқты мейрамдардың қандай мақсаттарда жасала-
тынын зерттейді. Психологтар адамның жеке мінез-қүлқына және
ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар
күйгелек болып келеді?» немесе «Неге кей адамдар басқаларға қа-
рағанда, әлденеге көбірек құмар болады?» деген сұрақтарға жауап
іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы,
диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты проблемаларды зерт-
тесе, экономистер тауарлардың қалай өндіріліп, қалай таратыла-
тынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда болып, қалай
қолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жүрттың көбі неге камерасы
бар ұялы телефон алады?» деген сияқты сұрақтардың жауабын қа-
растырады. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, сая-
сат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардың
әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай эсер ете-
тінін басты назарда ұстайды.
|