36
1-ТАРА У
Герберт Спенсер (1820-1903)
Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық фило-
соф-ғалым Герберт Спенсер болды.
Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп
болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек
пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні
сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.
Бүл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын
екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам - қоршаған
ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бүл бейім-
делу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесі-
не баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды үйымдастырудың бір
ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдай-
ларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады.
Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі - оның
ғылыми әдіске қатысты үстанымы болды. Өз заманындағы көптеген
ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық
бейтараптық пен мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық
жіктеліске, патриоттыққа және теологияға деген жалған көзқарастар
туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кез-
де өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.
Достарыңызбен бөлісу: |