Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет800/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   796   797   798   799   800   801   802   803   ...   870
Ресурстарды жұмылдыру

Жұмылдыру немесе мобилизация -  әлеуметтік қозғалысқа қажетті 

ресурстарды  қолжетімді  ететін  процесс.  Бұл  ресурстарға  қару,  тех­

нология, тауар,  ақша  және  ұйым  мүшелері жатады.  Әлеуметтік қоз- 

ғалысқа  қажетті ресурс тар  екі  факторға -  қозғалысқа  қатысушылар 

бақылайтын  жеке  ресурстардың  санына  және  қозғалыс  мүшелері 

енгізетін ресурстардың үлесіне тәуелді. Осылайша, мобилизация мү- 

шелер  санын  арттыру  немесе қатысушылардың  қозғалысқа  беретін 

ресурстарын  көбейту  арқасында  жалғасын  табады.  Қатысушылар- 

дың ішінен қалталылардың бірнешеуі мол қаражат белее де мобили­

зация жүзеге асырылады.  Мысалы, «Tea  Party -  Шай мерекесі» қозға- 

лысының  негізін  ағайынды  миллиардерлер  Чарльз  және Дэвид Кох 

(Charles and David Koch) өздері қалап, қаржыландырған (Mayer, 2010). 

Мобилизация әлеуметтік қозғалысты қолдауға  басқа  үйымдарды да 

тартуды білдіреді.

Ұйымдастырушылық факторлар  да  ӘҚҰ-ның жетістікке жетуі- 

не ықпал етеді.  Ең бастысы,  ӘҚҰ-лар  мақсатына  жету үшін ресурс­

тарды жүмылдыра  алуы  керек.  Ол  ресурстар  турлі  формада  болуы 

мүмкін. 2011  жылы  «Уолл-стритті басып алу» қозғалысы елдің түк- 

пір-түкпірінде  жүргізілді  және  қатысушылардың  көбі  бір  түнде 

мәтіндік  хабарламалар  мен  қоңырау шалу  арқылы, яғни  бұған де- 

йін  қолданылмаған  ресурстар  арқылы  жүмылдырылды.  Сонымен 

қатар  адамдар  қозғалыс  жеңісінен  пайда  көру  үшін  белсенділік 

танытқан  кезде  ӘҚҰ  зор  жетістікке  жетеді.  Басқа  ұйымдармен  бә- 

секелеспей,  керісінше,  одақтасатын  орталықтандырылған  бюрок- 

ратиялық  қүрылымы  болғанда  да  ӘҚҰ  қызметі  сәтті  атқарылады 

(Gamson, 1990).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   796   797   798   799   800   801   802   803   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет