Адам мінез-құлқының
негіздері: мәдениет және
биология
Адамдар неге өздерін осылай ұстайды? Адамның мінез-құлқын не
анықтайды? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін адамның мінез-құлқын-
дағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсіндіруіміз керек. Жал-
пы алғанда, биологиялық факторлар әртүрлі қоғамдагы адамдар үшін
ортақ нәрсе не екенін түсіндіруге көмектессе, мәдениет адамдар мен
қоғамдардың бір-бірінен неге ерекшеленетінін түсіндіреді.
Мәдениетке жалпы көзқарас
Құрылымдық функцияшылдар де, конфликт теориясының өкілдері
де, символдық интеракционистер де - жалпы әлеуметтанушылардың
барлығы мәдениетке қатысты ортақ көзқарас ұстанады: олардың бәрі
мәдениеттің проблеманы шешетін қүрал екенін, оның салыстырма-
лы түрде қарастырылатынын және мәдениеттің әлеуметтік өнім еке-
нін мойындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |