МӘДЕНИЕТ
67
ғы басты айырмашылық осы проблемаға қандай шешім ұсынатын-
дығында. Функцияшылдар бүгінгі қолданыстағы шешімдердің ал-
дыңғы ұрпақтың тәжірибесі мен қателіктері арқылы қалыптасып,
тиімділігіне көз жеткен соң ғана бүгінге жеткенін айтады. Конф
ликт теориясының өкілдері бүл шешімдердің басқаларға қарағанда
әсіресе билік өкілдері үшін гиімді жұмыс істейтінін атап көрсетеді.
Олардың пікірінше, элита мәдениетті өз мүдделеріне сай шешімдер
қабылдату үшін пайдаланады. Екі көзқарастағы ғалымдар да мәде-
ниеттен күнделікті өмірде қайталанып кездесетін көптеген жағдай-
ларға дайын жауап табылады деп есептейді; алайда олардың «бүл ше-
шім кімнің мүддесін қорғайды?» деген сұраққа келгенде пікірлері әр
басқа болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |